Абай – адамзаттың ақыны
/Шетелдіктер ұлы ақын туралы/
Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Абай – әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға.
Федерико МАЙОР
**********
Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған... бүгінгі түсінігіміздегі шын ақын дәрежесіне көтерілген тарихи адам.
Луи АРАГОН
**********
Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көрегендікпен ұға білуінде жатыр.
Констанстантин СИМОНОВ
********
Батыл жыршының өткір өлеңдері даладағы қараңғылықты сақтап қалуға жанын салып жүргендердің жүректеріне инедей қадалып, жазылмастай жаралап жатты.
Рерберт КРЕМПНЕН
********
Абайдың поэзиясы түнек өмірге қарсы көтерілген алдаспан болды.
Мирей БОРИС
********
Абай поэзиясы қазақ халқын Пушкинмен таныстырып, Пушкин арқылы бүкіл орыс әдебиетімен табыстырды.
Леонид СОБОЛЕВ
********
Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін – Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Қайсын КУЛИЕВ
********
Пушкин, Лермонтов және Некрасов заманы сияқты, Абай заманы бір түйір жарық сәулесіз қараңғы түн болды. Абай да, алдыңғы ұлылар сынды, осынау түнек түнге өзінің ғажайып поэзиясы арқылы нұр құйды.
Давид КУГУЛЬТИНОВ
********
Өз халқының перзенті, үлкен гуманист және талантты сөз зергері ретінде ол қазақ әдебиетін шын өнердің биігіне дейін көтерді.
Анатолий АНАНЬЕВ
***********
Түркімен халқы Абайдың даналық ойға, ақыл-кеңеске толы шығармаларын жақсы біледі. Қазақ халқының аса тамаша перзентінің туындылары талай елді толғантты және талайын толғанта береді.
Берді КЕРБАБАЕВ
*********
Екі көрші арасында ежелгі достық тамыры жайылған. Біздің мәдениетімізде, тіліміз бен әдебиетімізде ұқсастық көп. Қырғыздар Абайды өз классигіндей оқиды.
Аалы ТОҚОМБАЕВ
*********
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді. Тек қана ақынға тән, тек қана біліммен суарылған ақылға тән қабілетпен, романтикке тән жоғары сезімталдықпен халық өмірінің өзгеруін, найзағай отының туған өлкесін де дүр сілкіндіруін тіледі. Қамықты да. Бұл ретте де ол ХҮІІІ-ХІХ-ғасырлардың Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғаларының далалық бауырластары екенін танытты.
Шыңғыс АЙТМАТОВ
Қазақ жазушылары Абай туралы
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ
*********
Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар.
Міржақып ДУЛАТОВ
*********
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
********
Әр халықтың ақындары сол халықтың сөйлеген тілінің жемістері болады деген сөз бар. Біз де сол сөзге қарай Абайды қазақ тілінің жемісі дейміз. Абай тілінің кеңдігін, өткірлігін қазақ тілінің кеңдігі, өткірлігі деп аңлау керек. Бұл тілдің байлығы, әдемілігі Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді.
Абдрахман САҒДИ
********
Абай өз заманынан ана-ғұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит МҮСРЕПОВ
********
Абай – адам болудың айқын үлгісі, Абай – азаматтықтың мектебі, Абай – күрес-керліктің үлгісі. Абай – Алла тағаланың алдында адал құл, ақылмен ізденіп сенген мұсылман атанудың үлгісі!
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
*******
Абай есімі Гомер, Данте, Лев Толстой сияқты әлемдік алып тұлғалардың қатарынан өзінің заңды орынын алатын болады. Оған сенімім кәміл. Десек те, Абай атын әлемге танытуда жауапкершілік жүгінің қандай болатындығын әрқайсымыз терең сезінсек керек.
Морис СИМАШКО
Абай Құнанбаевтың өмір тарихының тізбесі:
(хронологиялық тәртіп бойынша)
1845 – (10 тамызда) Семей облысында Шығыс тауының баурайында дүниеге келді. Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыз екеуінің арасында «Телғара» атанып өсті.
1855-1857 – ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім деп келіп ем түйе қуған» деген ең алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.
1857-1859 – Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. Үш ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. Соларға еліктеп «Иузи – раушан, көзі - гауһар» деп басталатын өлеңін оқып, кәрі Зеренің құлағына үшкірді.
13 жасынан аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел биоеу ісіне араласты.
15 жасында алғашқы махаббаты – Тоғжанға ғашық болды, 16 жасында әкесінің еркі бойынша атастырған қалыңдығы, өзінен 2 жас үлкен Ділдәға үйленді.
Бала кезінде нағашылырына еліктеп, мысқал өлеңдер шығара бастаса, жігіттік шағында ғашықтық өлеңдер жазады.
1870 – Семей кітапханасында Лев Толстойдың кітабын сұрап тұрған сәтінде Е. П. Михаэлиспен танысты. Бұрынғыдай қолына түскен кітапты оқуды қойып, енді жоспарлап, ең керекті, маңызды кітаптарды таңдап, тауып оқуға көшті.
1876-1878 – Абай ояздың назначениесімен Қоңыр-Көшке еліне үш жыл болыс болды. Осы кезден бастап Құнанбай балалары ширек ғасыр бойы болыстық биліктің тізгінін басқаларға бермеді. Абай үш сайлау інісі Ысқақты, екі сайлау Оспанды, бір сайлау Шәкірімді болыстыққа сайлады. Құнанбай балаларын көре алмаған күндес топтар 28 жасқа келегн Абайдың үстінен жағарыға өтірік арыз-шағымдар түсіре бастады.
1876 –Үзікпай Бөребевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғады.
1877-1878 – жалақорлардың өтірік арыздары көбейіп, 12 іспен тергеліп, Семей қаласында 3-4 ай жатты. 1884 жылы Абайды ақтап 700 кісі күәлік берген, содан Абайдың «қылмыстық ісі» жабылды.
1880 – Михаэлис арқылы Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, П. Д. Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысты.
1889 – 25-ке жуық өлең шығарды. Осы жылы тұңғыш рет Абайдың «Күлембайға», «Жас» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.
1890-1898 – қара сөздерін жазды.
1891 – сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұн араласа бастады.
1895 – зор үміт қылған баласы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады. Әбіштің өліміне арнап жазған өлеңдері Оспанның өліміне айтылғаннан да зарлы, ауыр қайғылы жырланды.
1898 – Мұқыр болысын сайлауда бала кезгі досы, кейінгі замандағы ең озбыр дұшпаны Оразбай Аққұлы баласы ұйымдастырған Жігітек, Мырза-Жөкең ру басылары (Әзберген, Бейсембі, Бұланбай, Әбеден) Абайды сабады. Олардың бірі ақынның беліндегі пышағын, екіншісі басындағы бөрігін, үшіншісі мойындағы алтын сағатын тартып алды. Киімін жыртты. Киіз үйдегі сандықтағы ақшасын, жайнамазын және даладағы атын алады. Барлығы 241 сомның дүниесі тоналады. Ортада қамшының астында жатқан Абайға Кәкітай, Уәйіс, Аппас деген жақын, дос адамдарды араша түседі. Уәйіс Абайдың басына жарақат тимеу үшін ақынның үстіне құлап, қамшыдан қорғайды. Абайдың айқайын естіген уезд бастығы өзінің стражниктерімен аспанға оқ атып жүріп, ашулы топтан ақынды әрең ажыратып алады.
Осының алдында ағасы Тәкежанның да Оразбаймен ауыз жаласып жүргенін біледі. Сосын Абай: «Менің жауым бауырымда отыр ғой, бүйткен елде қайтіп тұрам, кетем!» - деп атына мініп,күнбастысы бетке алып қашады. Артынан қуа келген інісі Ысқаққа: «Бұл елде тұрмаймын, жоғаламын», дейді. Бірақ қуғыншылар шылбырына оралып, атын жетелеп, қайтырып алады.
Мұқыр оқиғасынан кейін Абай озбыр топтың қылмыстық әрекет сотқа береді№ Бірақ парақор сот пен ояз Оразбайлар жағына жығылды. Әділет іздеген Абай 1899 жылы Санкт-Петерборға Сенатқа орысша шағым хат жазды.
Енді озбыр топ Абайдан кешірім сұрауға көшеді.
1899 – Абай өлеңі көбірек жазылады. Өлеңге өлім тақырыбы араласады. Осы жылдан кейін Абай өлең жазуды сиретеді. Көп жазылған жылы 4-8, әйтпесе 2-3 өлеңмен 1903 жылға келеді де, содан кейін мүлде жазылмай қалады.
1904 – (14 мамырда) тірі қалған балаларының ішіндегі ең жақсысы, ең ірісі – Мағауия қайтыс болды. Абайдың өміріне қайғы-мұң Оспан өлімінен кейін араласып еді.
Сүікті ұлы Әбіш өлгенде зарлы өлеңдер жазды. Мағаштың өлімі Абайға ауыр тигені соншалық – ақың қырық күн аза тұтып, үн-түнсіз отырып қалады. Ауруын дәрігерге де көрсетпейді.
1904 – (23 маусым) Мағауия өлімінң қайғысын көтере алмай, қырқыншы күні өзі де елу тоғыз жасында қайтыс болды.
Абайдың сүйегі Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленген.
Әкесінің өлімінен қырық күн өткеннен кейін, 3 тамызда Абайдың тұңғыш баласы Ақылбай да дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: |