Дәнектің қалыптасуы сыртқы орта жағдайлары мен организмнің генотнпіне байланысты. Жаздық бидайда дэнектің қалыптасу үзактығы 9—13 күн, суару ұзақтығы—14 күм, пісу ұзактығы 8—12 күн болады. Аланда ауа райы жағдайларына байланысты керсетілген диапа-зондар әр жаққа қарап біршама өзгереді.
Күздік бидайда дәнек қалыптасуының орташа ұзақ-тығы 10—16, суару ұзақтығы 9—14, пісу ұзактығы 8—13 күн.
Дәннің қалыптасып жетілуін шартты түрдс үш фазаға бөлінеді: сүттсну, балауыздану және толық пісу фа-залары. Бүл фазалардан ету процссінде өсімдіктің өзінде, сонымен қатар дәнде, морфологиялық және био-химиялық өзгерістер болады.
Сүттеніп пісу фазасында дән жасыл реңді, аптар-лықтай толысқан болады және сықкан кезде одан сүт реңдес қоймалжың бөлініп шығады. Ақ түсті болуы ондағы крахмал дәндеріне байланысты. Дәнде еритіп қант көп болады. Ұрық әлі де жүмсақ болады. Ал құрғағаннан кейін өніп шығуға қабілетті келеді. Бүл кезде сабақ, жоіарғы жапырақтар мен масақ әлі де өзінің жасыл ре-.ңін сактайды, бірақ өсімдік тіршілігініц тоқталу белгілері байқала бастаііды. Ассимиляция процесі әлі де жалғаса береді.
Балауызданып пісу фазасында дәинің құрамындағы заттар алдымен жабысқақ күйге өтеді де, соңынан балауыз секілді жұмсақ болады.
Бұл кезде дәнді тырнакпен кесу оқай; көлемі жөнінен ол сүттеніп пісу фазасындағы дәннен едәуір кіші болады; біртіндеп жасыл реңнен айырылады. Сабак,. жапырақ және масақ сарғая бастайды: жапырақтар морт сынғыш болады да, бірақ сабақ өзінің иілгіштік қасиетін сақтайды. Ассимиляция процесі тоқталады. Бүл фазада заттар бір топтан екінші топқа қарқынды түрде өте бастайды, дәннің масақпен физиологиялық. байланысы жойылады, бірақ гүл және масақ қауызы дәнді ылғалмен және синтез өнімдерімен қамтамасыз. ету қызметін атқара береді.
Толық пісу фазасында дән қатая түседі және оның. көлемі кішірейеді, сондықтан кейбір сорттарда олар оңай шашылады, пластикалық заттардың бір топтан екінші топқа ауысуы аяқталады.
Пісу дәрежесіне қарай дәнектің анатомиялық құры-лымы өзгереді. Дәнектің өсу процесі кезінде эндосперм-нің крахмал бөлігінің клеткалары пластидтік крахмал жинақтайды, ал жеміс қабықшасының клеткалары жү-мыр крахмал дәндеріне толады. Эндосперм клеткалары пластидтік крахмалмен толған соң хондриозомдық крахмал жинала бастайды. Эндоспермнің белоктық зат-тары қоюланып, бірте-бірте! желімтск бола береді.
Достарыңызбен бөлісу: |