1. Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамалық және теориялық мәселелері
Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің мықсаты мен міндеттерін қайта қарауды талап етуде. Тұлғаны калыптастыру, оның шыгармашылық даралығын дамыта отырып бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру -бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты. Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл білім берудің мазмұны мен оқыту технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру үрдісінің барысында әрбір жеке тұлғаның даралығын ашу ғана түлғаға бағыттап білім берудің құрылуын қамтамасыз ете алады. Осы мақсатқа тұлғалық бағдарлы білім беру арқылы қол жеткізуге болады. Философиялық түрғыдан “тұлға” ұғымы ондағы саналы- еріктік бастаманы айқындайды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде тұлға мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты және айналысуда (Б.Г.Ананьев, Р.Н.Асмолов, Л.И.Бажович, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, А.В .Петровский т.б.). Тұлға өз кұрылымын адамзат әрекетінің түрлік құрылымынан алады. М.С.Каганнын пікірі бойынша, танымдық, кұндылық, шығармашылық (нәтижелі), коммуникативтік және көркемдік әлеуеттермен сипатталады. Қазіргі педагогикалық, психологиялық зерттеулерде тұлғаның даралыгы, оның кабілеттерін дамыту, оның өздігінен дамуына жағдай жасау проблемасы оқытудың тұлғалық бағдарланған жүйесін ұйымдастыруда өзінің тиімді шешімін табуда. Бүл зерттеулерде түлғаны дамытудың гуманистік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған түлғалық-бағдарлы бІлім берудің негізгі психологиялык, педагогикалық құндылықтары ашылады: тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен кабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері ;білім алушыларда оқытудың субъектілігін дамыту жіне өздігінен дамуы
Достарыңызбен бөлісу: |