3. Этнопедагогикалық технология туралы түсінік. Халықтық педагогиканың білімділік тәрбиелік маңызы
Этнопедагогика ғылымы жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан бастап ғылым ретінде зерттеліп, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, көптеген ғылыми еңбектер жазған чуваш ғалымы Геннадий Никандрович Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген. Этнопедагогика ғылымының негізгі материалы - халық педагогикасы, ол – халықтың мәдени мұрасы, ұлттық тәлім-тәрбие құралы. Зерттеу объектісі - халықтың тәлім-тәрбие жөніндегі ұғым-түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретінде пайда болған этнопедагогика ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын анықтап, оның болашағын белгілеп беретін, одан әрі дамып, кемелдене беретін ғылым. Этнопедагогика – белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесін және өндірістік білімді, дағдыны, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру. Ол - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс.
23-билет.
Достарыңызбен бөлісу: |