2.Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың технологиялары.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп,ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтынын дәлелдеп,мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті.Олар:
- балалар мен мұғалімдер,ата- аналар арасындағы ынтымақ;
- ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету;
- тұлғаның дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді.
II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі.Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |