Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Ұжымдық оқыту технологиясы.Оның ерекшеліктері.Оны жүзеге асыру әдістемесі



бет45/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Билет жауаптары

2.Ұжымдық оқыту технологиясы.Оның ерекшеліктері.Оны жүзеге асыру әдістемесі. Ұжымдық оқыту технологиясының негізін қалағандар Александр Григорьевич.Ривин педагог-новатор, ауысып отыратын диалогиялық жұптың авторы, Виталий Кузьмич Дьяченко- Красноярск педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі,профессор, ұжымдқ оқыту тәсілінің теориясын жасаған.Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі деп оқытудың қарым -қатынас жасау арқылы бірін бірі оқытуын атаймыз Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Ұжымдық оқыту технологиясының мәні оқушылар қарым -қатынас жасай отырып сөйлеуге, бір бірімен санасуға тәрбие алады. Бар оқу материалы оқушы және мұғалім тұрғысынан қабылданып меңгеріледі. Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді. Ұжымдық оқытудың ерекшелігі–ұжымда және шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде, мұндай шағын топта оқушы өзін жоғалтпайды. Қажет болса, мұғалімнің ұйғаруымен де олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды. Мұндай жағдайда әр оқушының жетістігі мен кемшілігі бағаланып қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Ал, жеке жұмыс істеуде әр оқушы жеке тапсырмаларға жете үңіліп, оларды орындауға өзі де тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет