Билет №1 Дефектологияның ғылымдар жүйесінде алатын орны


Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар



бет26/87
Дата25.01.2022
өлшемі126,85 Kb.
#114311
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87
Байланысты:
дефекталогия

Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар. Идиотия, имбецил, дебил.

Идиотия –ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі қиын және жай, ал кейбіреулерінде бұндай дағдылар тіпті қалыптаспайды.

Имбецил - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген, күрделі емес еңбек дағдыларын менгерген, бірақта өрескел кемістік олардың қабылдау, ес, ойлау, коммуникативтік қарым-қатынас және эмоционалдық ерік сапаларында көрінеді. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.

Дебил –ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды. Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді. Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен меңгереді. Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих, география, сызу, химия, физика т.б. пәндерден үлгіре алмайды.

Имбецил және идиотия сатысындағы ақыл-ой кемістігі бар балалар өз отбасында, арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп, әлеуметтік жағдай жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Іштен туа біткен ақыл-ой кемістігінің имбецил тобына кіретіндері ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі-Даун синдромы деп аталады.

Гидроцефалия деп өте үлкейіп кеткен немесе «қазан бас» деп аталатын ауру түрін айтамыз. Гидроцефалияның өзі жұлын сұйықтығының шамадан тыс қатты көбейіп, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру.

Микроцефалия гректің «микро» -кішкентай және «цефаль» -бас сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-о кемістіктерінің ішіндегі ең ауыры деп есептелінеді.

Деменция жүре бара пайда болатын ақыл ой кемістігінің түрі 5-7 жастағы балаларда кездеседі. Ол бас миының органикалық зақымдануы соққы салдарынан болады. Деменцияға шалдыққан баланың интеллектуалды кемшілігі қайтарымсыз жағдайында қалады. Бас миның зақымдануының салдарынан баланың ойлау қабілеті бұзылып, қалыпты жағдайдан ауытқуы мүмкін.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет