ПМПК-ның мақсаты мен міндеттері және оның ұйымдастыруы.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» № 343 Заңының 8 быбының, 3 тармағы бойынша кемтар балаларға көмек беру мақсатында ПМПК жұмыс жасайды.
ПМПК барлық мектептерде, мектеп директорының бұйрығымен құрылады. ПМПК құрамында төрағасы (оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары), дефектолог (олигофренопедагог, тифлопедагог, сурдопедагог), психолог, ортопед, отолоринголог, логопед, әлеуметтік мұғалім, педиатр, сурдолог, офталмолог т.б. болады. Мүмкіндігі шектелген балалармен жасөспірімдерді арнайы не көмекші бағдарламамен түзеу педагогикасымен оқыту, тәрбиелеу, қамқорлау, қорғау т.б. мәселелерімен айналысады. Облыстық ПМПК балаларды тексеріске жіберуге шешім шығарады. Аудандық білім беру бөлімі барлық мектептердегі балаларды тексеріп, облыстық ПМПК-ға тексеруден өтуге ұсыныс жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |