Ингаляциялық наркоздың түрлері
Наркотикалық қоспаларды енгізу тәсіліне қарай - маскалық , эндотра хеальді және эндобронхиальді болып бөлінеді .
Ингаляциялық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді ( интубациялық ) наркоз жатады . Бұл кезде наркотикалық қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі .
Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады . Интубация дегеніміз – кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу . Интубация жасалғаннан кейін , науқасты ӨЖД аспабына қосу керек . Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін , оңай буланатын ( ұшқыш ) сұйықтықтарды - эфир , фторотан , метоксифлюран ( пентран ) , үшхлор этилен , хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды- азот тотығын , циклопропанды қолданады .
ӨЖД ( өкпені жасанды демалдыру ) аспаптары - наркотикалық қоспа ларды , оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен ауаны үрлеп жіберу үшін қолданылады .
Достарыңызбен бөлісу: |