КЕҢІРДЕККЕ ИНТУБАЦИЯ ЖАСАУ ТӘСІЛІ
Кеңірдек интубациясын енгізу наркозы кезінде жүргізеді , тек сирек жағдайда жергілікті анестезияны қолданып жасайды - ол үшін жұтқыншақты , көмекей кақпашығын және дауыс байламдарын лидокаин немесе дикаин ерітінділерімен шаяды . Интубацияны жүргізу үшін қажетті заттар : тік және иілген басы бар ларингоскоптар ; әртүрлі диаметрлі интубациялық түтікшелер ( үрленетін манжетасымен бірге ) ; түтікшені өткізуге арналған өткізгіш қатты сым ; анестезиологиялық иілген қысқыштар ; ӨЖД аспабы ; вакуум - аспирацияға арналған сорғышi және кеңірдектен , ауыз қуысынан бөліністерді соруға арналған залалсыз сүңгі түтіктердің жиынтығы ( әрқайсысына бөлек ) ; науқасқа наркоз беру және кездесетін асқынуларды жою үшін арналған , дәрі дәрмектердің жинағы . Анестезиолог науқастың бас жағында тұрады , сол қолымен ларингоскопты ұстап , науқастың басын артқа қарай шалқайтады . Одан кейін , ларингоскоптың басын ауыз қуысына енгізіп , тілді солға ығыстырады . Ауыз қуысын қарағанда , бірінші тілшік көрінеді . Ларингоскоптың басын көмекей қақпашығы көрінгенге дейін жылжытады . Оны жоғары қарай көтергенде , астында үшбұрыш тәрізді дауыс байламдары көрінеді , ол кеңірдектің кіре берісі болып табылады , Спонтанды демалу кезінде интубация жасағанда , дауыс байламдары дем алу фазасына сай қозғалады : тыныс алғанда – байламдар сыртқа қарай ығысады . Миорелаксанттарды енгізгеннен кейін , дауыс байламдары толық босаңсиды . Интубациялық түтікшені оң қолда ұстап , ларингоскоп басының жиегімен жылжытып , дауыс байламдары арқылы кеңірдекке енгізеді . Интубациялық түтікшенің кеңірдектедұрыс тұрғандығын , оң және сол өкпенің аускультациясы арқылы тексеруге болады .
Түтікшенің дистальді бөлігінде манжета болады . Ол дауыс байламдарынан өтіп , орналасуы керек . Үрленген манжетаның қызметі , тыныс алу жолдары мен ас - қорыту жолдарын бір - бірінен жекешелендіру болып табылады . Бұл наркоз кезінде асқазан бөліністерінің кеңірдекке түсуін болдырмайды . Егер интубациялық түтікшеде манжета болмаса , онда жұтқыншақты фурациллинге немесе агрессивті емес антисептикке малынған дәке орағышымен тығындап тастау керек .
2.Мастит
Мастит - бул сүт безінің жедел қабынуы болып табылады . Ол негізінен босанғаннан кейін , лактация кезінде ( лактациялык мастит ) дамиды .
Инфекция ( жиі стафилококк ) сүт безіне емізіктің майда жарыктары , сонымен қатарлактостаз кезінде сүт өзектері арқылы да енеді . Көбінесе , бірінші рет босанған әйелдер ауырады , өйткені олардың сүт өзектері тар , жетілмеген , емізіктері қозғалмалы емес және оның терісі нәзік , микрожарақаттарымен те закымдалғыш болады .
Галактофорит деп сүт өзектерінің қабынуын айтады . Ол сүтпен бірге іріңнің шығуымен ерекшеленеді . Егер қабыну үрдісі сүт безіне ауысса , масти дамиды .
Маститті лактостаздан ажырата білу керек . Лактостаз кезінде 2 сүт безі де үлкейеді , дене қызуы көтерілмейді , ауыру сезімі болар - болмас . Сүтті сауып тасгаса , әйел өзін жеңіл сезіне бастайды . Бірақ лактостаз жойылмаса және инфекция түссе , онда 2-4 күннен кейін мастит дамуы мүмкін .
Қабынудың ағымына байланысты жедел маститтің түрлері :
1. Жедел серозды мастит .
2. Жедел инфильтративті мастит .
3. Флегмонозды мастит .
4. Абсцессті мастит .
5. Гангренозды мастит .
6. Панмастит .
7. Созылмалы инфильтративті мастит .
Жедел серозды мастит дене қызуының 38-390С - қа дейін жоғарылауымен , ауыру сезімінің күшеюімен , сүт безінің ұлғаюымен , гиперемия мен инфильтраттың айқын болмауымен ерекшеленеді . Сүтті сауғанда ауыру сезімі күшейеді және жеңілдік экелмейді .
Жедел инфильтративті маститте катты ауыратын инфильтрат пайда болады , шекарасы анык болмайды, гиперемия, әлсіздік, бастың ауыруы , дене кызуының 400С дейін жоғарылауы байқалады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Бірақ дұрыс ем тағайындалса, онда аурудың беті қайтуы мүмкін. Міндетті түрде сүтті сауып тастап отыру керек; сұйықтықты кабылдауды азайту қажет; физиотерапия, антибиотиктермен новокаинді қоршаулар жүргізілуі тиіс; антибактериальді , инфузионды және дезинтоксикациялық е тағайындалуы қажет . Кейбір жағдайларда гормондарды енгізіп , лактацияны ( сүттің түзілуін ) басу керек .
Флегмонозды маститте интоксикацияның әсерінен науқастың жағдайы күрт нашарлайды , сүт безі үлкейіп қатаяды , ісінеді , ауырсынады , көкшіл успен араласкан айкын гиперемия байқалады , тері асты веналары кеңейеді , шидрангиит, лимфаденит, анемия дамиды , жұмсарған бездің бөліктері анықталады. Хирургиялық жолмен ғана емдеуге болады — іріңдікті тілігі , оліеттенген тіндерді кесіп алады .
Абсцесстi мастит инфильтративті түрiнiңірінді ыдырауы кезінде дамиды . Клиникалық көрінісі абсцесстердің белгілеріне ұқсас болады , флюктуация анықталады , таңертеңгі және кешкі температураның айырмашылығы үлкен болады . Емі - тек хирургиялық әдіс. Кішігірім ошақтар болса , пункция жасап емдеуге болады .
Гангренозды мастит ең ауыр түрі болып табылады . Көбінесе , дәрігерге кеш қаралғандықтан дамиды және қант диабеті бар науқастарда жиі кездеседі . Бұл аурудың қоздырғыштары анаэробты және шірікгі микрофлора болып табылады. Маститтің бұл түрінде сепсис жиі дамиды және ол өлімге әкелуі мүмкін. Егер сүт безі толық өліеттенсе, оны панмастит деп атайды . Гангренозды маститтің хирургиялық емінде сүт безін толық алып тастайды және мұндай науқастарға сепсистегідей кешенді ем шаралары жүргізіледі .
Созылмалы инфильтративті мастит жедел маститті дұрыс емдемеу дің нәтижесінде дамиды. Клиникалық көрінісі онша айкын болмайды . Пальпаторлы ауырмайтын инфильтрат анықталады , интоксикация белгілері болмауы мүмкін , температурасы калыпты немесе субфебрильді болады , терінің гиперемиясы байқалмайды . Маститтің бұндай түрі дамитын болса , белсенді консервативті ем жүргізіледі . Егер 5-7 күннің ішінде нәтиже шықпас ( ем қонбаса ) , сонда ғана операция орындалады ( секторальді мастэктомия ) . емге көнбейтін сүт безіндегі созылмалы Операцияны жасаудың мақсаты инфекция ошағын алып тастау болып табылады .
Іріңдіктің орналасуына байланысты маститтің түрлері :
теріастылык, субареолярлы, интрамаммарлы, ретромaммaрлы және интраканаликулярлы мастит. Ретромaммaрлы маститті анықтау қиынға соғады , кейде ол субпекторальді флегмонамен асқынуы мүмкін.
Іріңді ошақтың орналасуына байланысты әртүрлі тіліктер жасалады: интрамaммaрлы іріңдікті радиарлы тілікпен ашады ; ретромaммaрлы іріңдікті - сүт безінің астында жарты ай тәрізді тілікпен, бірақ сүт безінің паренхимасын закымдамай ашады; субареолярлы іріңдікті - ареоланың айналасынан доға тәрiздi тiлiк жасап ашады . Есте сактайтын жағдай : кандай тілік орындалса Да , емізікті жаракаттамай ( оған 1,5-2 см жеткізбей ) кесу керек , өйткені операциядан кейінгі кезеңде сүтті жыланкөз дамуы мүмкін .
Мастит серозды қабыну немесе инфильтрация кезеңінде анықталған кезде маститке консервативті ем жүргізіледі. Антибиотикалық терапия жоғары белсенді кең спектрлік агенттерді қолдану арқылы тағайындалады. Сероздық мастит бар, ереже бойынша, 2-3 күнде өтеді, инфильтрацияны шешу үшін 7 күн қажет болуы мүмкін. Егер қабынудың жалпы жалпы мастысы болса, детоксикация әрекеттерін жүргізу (электролит ерітінділерінің инфузиясы, глюкоза). Ауыр лактация жағдайында оны басу керек.
Маститтің іріңді түрлері, ереже бойынша, хирургиялық араласуды қажет етеді. Кеуде безінің абсцессі — шұғыл хирургиялық дебриттің көрсеткіші: мастит және сирек фокустық дренажды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |