Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жара үрдісіне дененің жалпы және жергілікті әсері



бет115/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Жара үрдісіне дененің жалпы және жергілікті әсері
Жара үрдісіне дененің жалпы әсері екі кезеңнен өтеді .
Бірінші кезеңде ( жарақат немесе операциядан кейінгі 1-4 күндер ) өмірлік үрдістер күшейеді . Дене қызуы мен негізгі алмасу жоғарылайды . Дененің салмағы азаяды . Белоктың , майдың және гликогеннің ыдырауы жоғарылайды . Физиологиялық реакция тежеледі . Басталу механизмі : симпатикалық нерв жүйесінің қозуы , бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондарының қанға бөлінуі ( кортикотропин мен глюкокортикоидтардың ) .
Екінші кезенде ( жарақаттан кейінгі 4-10 күндер ) парасимпатикалық бөлімнің әсері басым болады : кезбелік ( вагусты ) криздер болуы мүмкін , дененің салмағы жоғарылайды , белок алмасуы калпына келеді , регенерация үрдістері белсендіріледі . Бұл кезеңде гормондар мен медиаторлардың маңызы жоғарылайды , олардың ішінде минералокортикоидтар , альдостерон , ацетилхолиннің әсері .
Жарадағы жергілікті өзгерістер күрделі және алуан түрлі болады . Олар : жасушалардың өлімі ; белоктардың ыдырауы ; анаэробты гликолиздің аэробтыдан басым түсуі ; биологиялық белсенді заттардың - гистамин , серотонин , кининдердің жиналуы ; микроциркуляцияның бұзылуы ; гипоксия ; зат алмасудың , жасушалар мен тіндердің ыдырау өнімдерінің жиналуы . Жарадағы рН ацидоз жакка карай өзгереді . Егер қалыпты жағдайда дәнекер тінде pH мөлшері 7,2 - ге тең болса , онда іріңді жарада 6,0-6,5 , тіпті 5,4 - ке дейін жетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет