Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
2. Ісіктер. Анықтамасы. Ісіктердің даму теориялары. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің айырмашылығы. Ісіктердің диагностикасы. Ісік – бұл дербес өсуімен, полиморфизммен және жасушалардың атипиясымен ерекшеленетін, ағзалар мен тіндерде өздігінше дамитын, патологиялык түзіліс болып табылады.
Қазіргі кезде ісіктердің даму себептерінің сұрақтары толық шешілген жок. Бiрак, ісіктің шығу тегіне байланысты негізгі бес теорияны атап айтуға болады.
Р. Вирховтың тітіркену теориясы: қатерлі ісіктер көбінесе ішкі ағза лардың жиі жарақаттанатын аймактарында (асқазанның кардиальді бөлімінде және оның шыға берісінде, тік ішекте, жатырдың мойнында) дамитындыгы анықталды. Осыған байланысты Р. Вирхон – үнемі жаракаттануға ұшырайтын тіндерде жасушалар жылдам көбейіп, белгілі бір сатыда трансформацияға ұшырайды да , ісіктің өсу мүмкіндігі туады деген ұғымға келді.
Д. Конгеймнің эмбриональді теориясы бойынша ұрықтың даму сатысында жасушалар тым артык өсіп, олардың көпшілігі кажет болмай калады. Бұл жасушалар белгілі бір факторлардың әсерінен тез өсіп, ісіктің дамуына жағдай жасайды. Қазіргі кезде ісіктің дамуының мұндай механизмі дисэмбриональді ісіктерге тән болып келеді.
Фишер - Вазельстің регенерациялық - мутациялық теориясы: әртүрлі факторлардың, соның ішінде химиялық канцерогендердің де әсерінен, денеде дегенеративті - дистрофиялык регенерация үрдістері дамиды. Фишер Вазельстін ұғымы бойынша регенерация кезеңі жасушалардың өмір сүру уақытында «сезімтал» кезең болып табылады, бұл уакытта ісіктік трансформация дамуы мүмкін. Олардың айтуынша, регенерация үрдістері жүріп жаткан қалыпты жасушалар, белгілі бір себеттердің нәтижесінде мутацияға ұшырап, ісік пайда болады.
И.А. Зильбердің вирустық теориясы:вирус жасушаның ішіне еніп, олардың бөлінуін реттейтін үрдістерді гендік деңгейде бұзады. Вирустардын әсерін әртүрлі физикалық және химиялык факторлар күшейтуі мүмкін. Қазіргі кезде, белгілі бір ісіктердің тобын вирустар ( онковирустар ) шакыртындығы накты дәлелденген.
Иммунологиялық теория қатерлі ісіктің дамуын түсіндіретін жаңа теория болып табылады. Бұл теория бойынша, денеде үнемі әртүрлі мутациялық өзгерістер болып тұрады, соның ішінде ісіктік трансформация да кездесуі мүмкін. Бiрак, иммундық жүйе денедегі «бөтен» жасушаларды жылдам танып, аларды тез - арада жоюға тырысады. Иммундық жүйенің бұзылыстарында трансформацияға ұшыраған жасушалар жойылмай калып, ісіктің дамуына себепші болуы мүмкін. Қазіргі таңда жоғарыда аталған теориялардың бірде - біреуі онкогенездің жалпы дамуын көрсете алмайды. Олар, тек ісіктің дамуындағы бір кезеңді ғана түсіндіреді.
Ісіктердің дамуының қазіргі кездегі полиэтиологиялық теориясы. Жасушалардың ісіктік трансформациясы механикалық факторлардың, химиялық және физикалык канцерогендердің, онковирустардың нәтижесінде пайда болады.
Механикалық фактор - регенерациялық үрдіспен жалғасатын, тіндердің жаракаттануының жиі қайталануы.
Химиялық канцерогендер: химиялык заттардың жергілікті және жалпы әсер етуі. Оларға мынадай мысалдар келтіруге болады: үйдің моржаларын тазалайтын адамдарда ұманын қатерлі ісігініі (күйген күлдің әсерінен), Шылым шегетіндерде окпенін жилтиқ жасушалы қатерлі ісігінің (көп цикды ароматты көмірсутектердің әсерінен), асбестпен жұмыс істейтіндерде плевраны мезателиомасының дамуы және т.б.
физикалық канцерогендер: ультракүлгін (терінің қатерлі ісігі) және радиобелсенді сәулелердің әсерінен (сүйектің, қалқанша безінің катерлі ісігі, лейкузлар ісіктердің дамуы.
Онкогенді вирустар. Бирр- Эпштейн вирусы (Беркеттік лимфомасы), Т - жасушалык лейкодын вирусы (Т - жасушалық лейкоз).
Политиологиялық теорияның ерекшелігі тек жалғыз ғана сыртқы канцерогенді факторлардың тікелей әсері катерлі ісіктің дамуын шакыра коймайды. Оның дамуы үшін, дененің ішкі себептері де болуы кажет – генетикалық бейімділік, иммунды және нейро - гуморальлі жүйелердің белгілі ағдайда болуы шарт.
Қатерлі және қатерсіз ісіктердің айырмашылықтары Қатерлі ісіктер қатерсіз ісіктерден тек аталуы бойынша ғана ажыратылып қоймайды. Сонымен қатар, олар морфологиялық құрылысына, осу жылдамдығы мен сипатына, басқа ағзаларды зақымдау мүмкіндігіне, клиникалық ағымына, наукастың жалпы жағдайына әсер етуіне және т.б. белгілерге қарай ерекшеленеді.