Билет № 30
1. Эфир наркоздың кезеңдері. III–IV кезеңдерінің клиникалық сипаттамасы.
Наркоздың III-сатысы – хирургиялық ұйқы
Наркоздың бұл кезенінің басталғанынан науқас тынышталады, тыныс алуы бірқалыпты болады, пульс жиілігі және АҚ бұрынғы деңгейіне жақындайды. Бұл кезеңде оперативті араласуларды жүргізуі мүмкін. Наркоздын тереңдігіне байланысты наркоздын III сатысының 4-деңгейін ажыратамыз.
Бірінші деңгей көз алмаларының қозғалу деңгейі - Науқас тынышталған, тынысы бірқалыпты, АҚ және пульс бұрынғы көлеміне жетеді. Карашықтар қысқара бастайды, жарыққа реакциясы сақталған. Көз алмаларының қалқыған қозғалысы байқалады, олардың орналасуы эксцентрлік. Мөлдір қабықтық және жұтқыншак көмейлік рефлекстері сақталады. Бұлшықет тонусы сақталған, сондықтан қуыстық операцияларды жүргізу қиындайды.
Екінші деңгей қасаң қабық рефлексі - Көз алмаларының қозғалысы тоқтайды, олар орталық жағдайда орналасады. Қарашықтар біртіндеп кенейе бастайды, олардың жарыкка реакциясы әлсірейді. Мөлдір кабықтық және жұтқыншақ - көмейлік рефлекстері әлсіреп,2 деңгейдің соңында жойылады. Тыныс алуы тынышталған, АҚ және пульсі калыпты. Бұлшықет тонусы төмендей бастай ды , іш - қуыстық операцияларды іске асыруға мүмкіндік береді. Әдетте наркоз ды I - II деңгейінде жүргізеді .
Үшінші деңгей қарашықтардың кеңею деңгейі - Терең наркоз. Қарашықтар кеңейген, тек қана күшті жарықтық тітіркендіргішке әсерленеді, мөлдір қабықтык рефлекс болмайды. Бұл кезенде қаңқа бұлшықеттерінің толық босаңсуы бастала ды, қабырға аралык бұлшықеттерді де қамтиды. Тыныс алуы беткей, диа фрагмалды болады. Төменгі жақ бұлшықеттерінің босаңсуы нәтижесінде соңғысы салбырауы мүмкін, мұндай жағдайда тіл артка тартылып, көмейдің кіре берісін жауып калып, тыныстың тоқтауына әкеледі. Бұл асқынудың алдын алу үшін науқастың төменгі жағын алдыға шығарып, оны осы қалпында ұстап тұру қажет. Бұл деңгейде пульс жиілеген, толықтылығы аз, АҚ төмендейді. Бұл деңгейде наркозды жүргізу наукас өміріне қауіпті екенін білу қажет.
Төртінші деңгей дифрагмальді тыныс алу деңгейі - Карашықтар максималды кеңейген, олардың жарықка реакциясы жоқ, мөлдір қабық көмескі, құрғак. Тыныс алуы бет кей, қабырға аралық бұлшықеттердің салдануы нәтижесінде, диафрагманың қозғалысы есебінен қамтамасыз етіліп тұр. Пульс жіп тәрізді, жиі, АҚ төмен немесе мүлдем анықталмайды. III 4 деңгейге дейін наркозды тереңдету науқас өмірі үшін қауіпті, себебі тыныс алу және қан айналым тоқтайды .
Ояну сатысы - IV Наркотикалық заттарды беруді тоқтатқан соң анестезиялаушы заттың концентрациясы канда азаяды, наукас кері реттілікпен наркоздың барлық сатыларынан өтеді, ояну басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |