Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет124/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Атипия мен полиморфизм - бұл көбінесе катерлі ісіктерге тән қасиет. Қатерсіз ісіктер өзі дамып жетілген тіндерге ұқсас болып келеді немесе олардан аз ғана ерекшеленеді. Ал катерсіз ісіктер шыккан тіндерден құрылысы мен кызметіне қарай өзгешеленеді. Сондықтан кейбір, қалыптасып - жетілмеген қатерлі ісіктердің морфологиялық өзгерістері соншалықты күрделі болғандықтан, олардың кандай тіннен дамығандығын ажырату киындыкка соғады, кейде тітті аныкталмауы мүмкін.
Өсу сипаты. Қатерсіз ісіктер экспансивті өсуімен ерекшеленеді: ісік өзінің ішінде өзі өскендей болады, оның көлемі тез ұлғайып, қоршаған тіндерді немесе ағзаны ығыстырады. Ал қатерлі ісіктер инфильтративті өсіп, шаянның аяктары сиякты айналасындағы тіндерге енеді де, кан тамырырлары мен нерв талшықтарына жайылады. Бұл кезде ісіктің ішінде митоздык белсенділік күшейіп, оның өсуі жылдамдайды.
Метастаз беру. Ісіктің өсуі кезінде кейбір жасушалар алсырап, баска ағзалар мен тіндерге тарап, екіншілік ісіктің дамуына себепші болуы мүмкін. Мұндай үрдісті метастаз беру, ал екіншілік дамыған ісікті метастаз деп атайды. Метастаз беру тек катерлі ісіктерге тән. Әдетте, метастаздар біріншілік ісіктің құрылысына ұқсас болып келеді. Сирек жағдайда ғана, олар қалыптасып - жетілмеген және өте қатерлі болуы мүмкін.
Метастаз берудің 3 жолы бар: лимфогенді; гематогенді және имплантациялык. Метастаз берудің лимфогенді жолы жиі кездеседі. Оның лимфа тамыр ларымен таралуына байланысты 2 түрін ажыратады: антеградты және ретроградты лимфогенді метастаздар. Антеградты лимфогенді метастаздың жаркын көрінісіне асказанның қатерлі ісігінің сол жақ бұғана үсті аймағындағы лимфа түйіндеріне метастаз беруі жатады ( Вирхов метастазы .
Метастаз берудің гематогенді жолы ісік жасушаларының капиллярлар мен веналарға түсуінің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, сүйектің саркомасында гематогенді метастаздар өкпеде, ішектің қатерлі ісігінде бауырда анықталады.
Метастаз берудің имплантациялық жолы қатерлі ісіктің жасушаларының серозды қуыстарға таралуында (ісік ағзаның қабырғасының барлыкқабаттарына жайылғанда) байқалады, содан кейін көршілес ағзаларға таралады. Мысалы, асказанның қатерлі ісігінде Дуглас кеңістігінде метастаздың дамуы, ол кұрсак куысындағы ең төмен орналасқан аймақ болып табылады.
Рецидив беру. Рецидив деп – ісікті хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін немесе оны сәулелік және химиялык емдеу әдістерімен жойғаннан соң, ісіктің бұрынғы орнында қайтадан өсуін айтады. Рецидив беру катерлі ісікке ғана тән, ал катерсіз ісіктер толық алынғаннан кейін, қайталап өспейді. Егер қатерсіз ісіктер толык алынбай калса, оның қалып қойған жасушалары кайтадан өсіп дамуы мүмкін. Ісіктің осылай қайталануы рецидивке жатпайды, ол патологиялык үрдістің үдеуі болып есептеледі. Наукастың жалпы жағдайына әсері. Қатерсіз ісіктің орналасуына байланысты өзіне тән белгілер анықталады. Өспе науқаска жайсыздык туды руы мүмкін, кан тамырларын, нерв талшықтарын қысып, көршілес жатқан ағзалардың қызметін бұзады, бірак оған қарамастан науқастың жалпы жағдайы өзгеріссіз қалады. Кейбір катерсіз ісіктер науқастың жағдайын ауырлатып, өлімнің себепшісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қатерсіз ісіктің клиникалық ағымы қатерлі болып есептеледі.
Оған мынадай мысалдар келтіруге болады:
- эндокринді ағзалардың ісіктері олардың дамуы өзіне сәйкес гормондардың мөлшерінің жоғарылауына және жалпы белгілердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, феохромоцитомада канға көп мөлшерде катехоломиндер түсіп, артериялық гипертензияны, тахикардияны және вегетативті реакцияларды туындатады.
- өмірге маңызды ағзалардың ісіктері – дененің қызметін бұзып, науқастың жалпы жағдайын айтарлықтай нашарлатады. Мысалы, бас миының қатерсіз ісіктері өскенде мидың өмірге маңызды орталықтарын қысып, науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Қатерлі ісіктер адам денесінде көптеген өзгерістерді шакырады – обыр лык интоксикациядан бастап, обырлық жүдеуге ( кахексияға ) дейін алып келеді . Ол ісіктің тез өсуінің, көп мөлшерде қоректік заттарды, энергиялық корды және пластикалық материалдарды жұмсауының нәтижесінде дамиды, әрине бұндай жағдайда басқа ағзалар мен жүйелерде осы заттардың үнемі жетіспеушілігі қалыптасады. Сонымен қатар, ісіктің тез өсуі көпшілік жағдайда оның орталық бөлімінің өліеттенуімен қабаттасып жүреді (тіндер тез өсіп, ұлғаюының нәтижесінде тамырлар жаңалан түзіліп үлгермейді), сөйтіп жасушалардың ыдырау өнімдері канға сіне бастайды және перифокальді кабыну үрдісі дамиды.
ІСІКТЕРДІҢ КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОСТИКАСЫ Катерлі және қатерсіз ісіктердің клиникасы мен диагностикасы бір - бірінен срекшеленеді, өйткені олар қоршаған тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге ортүрлі осер көрсетеді.
Қатерсіз ісіктердің диагностикасы жергілікті белгілерге ғана сүйеніп кұрылады - ісіктің өсу белгілері. Кошшілік наукастар осnенін пайда болуын өздері аңғарады. Бұл кезде ісік баяу өседі, ауыру сезімін тудырмайды, домалак пішінді, қоршаған тіндермен шекарасы анық және беті тегіс болады. Наукасты тек еспенің болуы ғана толғандырады. Кейбір жағдайларда ғана, ағзаның қызметінің бұзылыстары байқалуы мүмкін (ішектің полипы обтурациялық түйілуді шакырады; бас - миының катерсіз ісігі қоршаған бөлімдерді кысып , неврологиялык белгілердің дамуына себепші болады, бүйрек үсті безінің аденомасында гормондар көп мөлшерде бөлініп , артериялық гипертензияны туындатады және т.б. ) . Қатерсіз ісіктің диагностикасы айтарлықтай қиындық түсірмейді және өздігінше олар науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Тек, кейбір ісіктердің орналысуына байланысты ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін, бірақ олардың белгілері ерте анықталады.
Қатерлі ісіктердің диагностикасының жалпы қағидалары Қатерлі ісіктерді емдеудің нәтижесі, оның сатысына, үрдістің үдеуіне және рецидивтің дамуына байланысты болғандықтан, ісіктердің диагностикасында мынадай кағидаларға сүйену қажет: ерте мезгілді диагностика; онкологиялык сактык; гипердиагностика.
Ерте мезгілді диагностика. Ісіктің клиникалық белгілерін анықтау және арнайы зерттеу әдістерін жүргізу, қатерлі ісік диагнозын ерте коюға және тиімді емдеу тәсілін таңдауға мүмкіндік береді. Онкология саласында уакытылы диагностика деген ұғым енгізілген. Оның ерте, уақытылы және кеш түрлерін ажыратады . Ерте диагностика деп қатерлі ісік диагнозы insitu обыры немесе дерттің І клиникалық сатысында анықталуын айтады. Әрине, бұндай жағдайда тиімді ем шаралары жүргізілсе, науқас түбегейлі жазылып кетеді.
Уақытылы диагностика бұл – қатерлі ісікті 1 немесе кейде ІІІ клиникалык сатысында анықтау болып табылады. Бұл жағдайда жүргізілген емнің нәтижесінде көпшілік наукастар дерттен толык сауығады , ал бірламасы үрдістің үдеуінің салдарынан бірнеше айлын немесе жылдардың ішінде елуі мүмкін.
Кеш диагностика деп – онкологиялық аурудың ІІІ - ІV сатысында аныкталуын айтады. Бұл жағдайда наукастың толық емделуіне мүмкіншілік болмайды, оған тек симптоматикалық ем жүргізуге тура келеді. Сондықтан, катерлі ісікті ерте анықтап, сәйкесінше ем жүргізуге тырысу кажет. Диагноз қойылғаннан кейін, науқаска 2 аптаның ішінде арнайы емдеу әдістері тағайындалуы керек. Ерте диагноз қоюдың қаншалықты тиімді екенін мынадай сандармен корсетуге болады: асқазанның қатерлі ісігі in situ сатысында анықталып, сәйкес ем жүргізілсе, бес жылдык өмір сүру көрсеткіші 90-97 % тең болады, ал II клиникалык сатыда ол 25-30 % ғана күрайды.
Онкологиялық сақтық - Науқасты тексеру барысында кез - келген мамандыктағы дәрігер анықталған клиникалық белгілердің катерлі ісікке ұқсамайтындығына көз жеткізуі керек. Осы мәселені шешу үшін , дәрігер арнайы зерттеу әдістерін толық жүргізіп, науқастың диагнозын нақтылау кажет. Яғни, әрбір наукасты зерттеу және оны емдеу барысында дәрігер онкологиялык сактык туралы қағиданы естен шығармауы тиіс.
Гипердиагностиканың қағидалары. Қатерлі ісіктің диагностикасының барлык күдікті жағдайларында обыр ауруы деп есептеп , радикальді ем шараларын жүргізу керек. Мұндай қағиданы гиперднагностика деп атайды. Мысалы, науқасты зерттеу барысында асқазанда өте үлкен созылмалы ойык жара аныкталып, арнайы зерттеу әдістерінің нәтижесі катерлі ісіктің бар жоғына жауап бере алмаса, онда науқасқа асказан обыры деген диагноз қойып, онкологиялық дертке тиісті ем шараларын жүргізу керек. Гипердиагностика қағидасы, әрине шектен тыс шыкпай, көңілге қонатын жағдайда, акылмен саралап сақталуы тиіс.
Арнайы диагностикалық әдістер: эндоскопиялық (лапароскопия, торакоскопия, ФЭГДС, колоноскопия, бронхоскопия, цистоскопия), рентгенологиялык (рентгеноскопия, рентгенография, томография, ангиография, лимфография), радионуклеидті диагностика (сканирлеу, сцинтиграфия), КТ, УДЗ және т.б. Сонымен қатар, лабораторлы әдістердің де көмегі өте зор болып табылады . Әсіресе, эндоскопиялық зерттеу жүргізіп жатканда немесе операция кезінде биопсия алу, диагнозды коюға мүмкіндік береді. Биопсияға алынған тіндерді немесе ағзаларды морфологиялық (гистологиялык) және цитологиялык тексеруден өткізіп , қатерлі ісік диагнозын настылауға болады . Бірақ , зерттеу барысында атипиялык жасушалар табылмаса, катерлі ісік диагнозы алып тасталынбайды, бұндай жағдайларда клиникалық белгілерге және басқа да зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйену кажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет