Билет № 31
1.Қан кету. Анықтамасы. Жіктелуі. Біржола қан тоқтатудың әдістері.
Қансырау ( haemorrhagia ) деп - кан тамыры қабырғасының зақымдалуы немесе өткізгіштігінің бұзылуы нәтижесінде, қан тамырларынан қан кетуді айтамыз. Жіктелуі
1. Этиологиялык белгісі бойынша: механикалық зақымдалу; қан тамыры қабырғасының аррозиясы; кан тамыры кабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы.
2. Қан кетіп жатқан тамырдын түріне байланысты: артериялык; веналык; капиллярлык; паренхиматозды.
3. Сыртқы ортамен байланысты карай: сырткы; ішкі; жасырын.
4. Пайда болу уакытына байланысты: біріншілік (алғашқы): рецидивті (кайталап қансырау).
5. Ағымына байланысты: жедел; созылмалы.
6. Ауырлық дәрежесі бойынша: І дәрежелі (женіл кан жоғалту); ІІ дәрежелі (орташа кан жоғалту); ІІІ дәрежелі (ауыр кан жоғалту ); IV дәрежелі (массивті қан жоғалту) .
Қан тамырларының механикалық зақымдалуы кезінде болатын қансыраулар (haemorrhagia per rhexin) ашық және жабык жарақаттар (жыртылу, ок тию), күю мен үсіп калу әсерінен болуы мүмкін.
Аррозивті қансыраулар (haemorrhagia per diabrosin) кан тамыры кабырғасынын кандай да бір патологиялық үрдіс нәтижесінде бұзылған жерінен пайда болады. Мысалы, ыдырау өнімі бар катерлі ісік өскенде, өлі-еттенуде, деструктивті қабыну үрдістерінің нәтижесінде.
Диапезді кансыраулар (haemorrhagia per diapedеѕin) кезінде , микроцеркуляциядағы (артериолалар, капиллярлар, венулалар) кан тамыры кабырғаларының өткізгіштігі жоғарылаған кезде байқалады. Қан тамырларының мұндай жағдайы біркатар ауруларға тән: С авитаминозы, Шенлей - Генох ауруы (геморрагиялык васкулит), сонымен қатар қан тамырларының токсикалак өзгерістері (бензолмен, фосформен улану) кезінде де байқалады. Қансыраудың дамуында қанның ұю жүйесінің жағдайы маңызды орын алады. Бұл жүйеpердің тепе - тендігі бұзылғанда массивті қан кетулер дамуы мүмкін. Мұндай жағдай гемофилия, Верльгоф ауруы және ҚШҰ - синдромы кезінде және тікелей (гепарин), тікелей емес ( неодикумарин, синқұмар, фенилин, т.б.) әсері бар антикоагулянттар тағайындағанда, сонымен қатар ацетилсалицил кышқылы, бутадион, реопирин сиякты дәрілерді тағайындағанда байқалуы мүмкін. Мұндай патологияда К витаминінің сіңірілуінің бұзылуы нәтижесінде, бауырда кан ұю факторларының синтезі төмендейді.
Барлык кансыраулар бір - бірінен зақымдалған қан тамырының түріне байланысты ажыратылады.
Артериялық қансырау. Қан қызғылт түсті, қысыммен шапшып ағады. Кан тамырының диаметр неғұрлым үлкен болса, соғұaрлым кан қатты ағады және бірнеше минутта өлімге алып келуі мүмкін. Маңызды рольді закымдалған тамыр қабырғасының сипаты (бүйірлік, толық, т.б.) атқарады. Тамыр қабырғасының бүйірлік жарақатында жиырылмайды, нәтижесінде кан кету токтамайды. Толық зақымдалу күйінде керісінше болады - саңылау жиырылып, интима ішке карай табиғи жарғақ түзіп, қансырауды тоқтайды.
Веналық қансырау - кошқыл кызыл түсті қан шығады, қан ағу жылдамдығы артериялык кан кетуге караганда баяу. Ірі вена тамыры зақымдалғанда қан саркырап ағады, жылдамдығы сәйкесінше жоғарылайды, аз уақыт ішінде өлімге алып келуі мүмкін. Қанның ағуы венаның анатомиялық орналасуына байланысты өзгеруі мүмкін. Егер тамыр ірі артерияның жанында орналасатын болса, онда канның агуы тамыр соғысының әсерінен үздік - үздік болады. Кеуде аймағында ірі вена тамырлары зақымдалғанда демалу фасасында қан ағу баяулайды, ал дем шығарғанда - күшейеді (көкірек қуысынын сору қызметі). Ауалы эмболия қаупін естен шығармау ккерек. Веналық қысымның жоғары болуы да, қаннын көп ағуына алып келеді. Мысалы, өнештiң варикозды кеңеrен веналарынан қан кету массивті кан жоғалтуға алым келеді.
Капиллярлық қансырау - аралас сипат алады. Себебі капиллярлар, артериолалар, венулалар бірге зақымдалады. Бұл кезде жараның беті түгел кансырайды, тіпті оны кұрғатса да, беті қайтадан қанданады.
Паренхиматозды қансырау капиллярлық қан кетудің бір түрі болып табылады. Ол паренхималык ағзалар закымдалғанда байқалады: бауыр, көкбауыр, бүйрек, өкпе. Осы ағзалардың өзінің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты (тамырларының) қан кету әлдеқайда массивті, қатерлі болады және тоқтату өте қиынға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |