Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет129/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Жараны тыгындау қансырауды біржолата токтату үшін де қолданылады. Мысалы , мұрыннан қан акканда, мұрынды алдыңғы және артқы жағынан тығындайды. Тығын ретінде биологиялық тіндерді қолдануға болады - бұлшыкет, үлкен шарбы майы және т.б.
Тамырларды жасанды эмболизациялау. Өкпелік, асқазан, асқазан - ішектік және ми кан тамырлары кансырауында қолданылады. Рентгенологиялық бақылау арқылы, тамырдың қансырап тұрған жеріне карай сан артериясына катетер енгізіп, сол катетермен эмбол ( силикон, полистиро, желатин ) жіберіп, кансырауды тоқтатады.
Тамырды тігуді магистральді тамырлар зақымдалғанда, олардың өткізгіштігін калпына келтіру үшін қолданады. Бұл әдіс хирургтың арнайы дайындығы мен аспаптарды қажет етеді . Тігіс саңылаусыз болып, келесі талаптарға сай болуы керек: қан ағысын бұзбауы керек, тамыр саңылауында тігіс жібі барынша аз болуы керек. Тамырды «ұшын ұшына» біріктірген өте оңды. Тамыр қабырғасын үздіксіз орама тігіспен тігеді ( колмен тіккенде ), атравматикалық инелер мен берік жіппен тігеді. Механикалық тігісті тантал скрепкаларымен аспапты қолданып салады. Ол әлдеқайда мүлтіксіз әдіс болып табылады және тамыр саңылауын тарылтпайды.
Жанап өтетін жаракатта тамырдың бүйірлік тігісі қолданылады , оны шандыр немесе бұлшыкеттің көмегімен нығайтады. Тамырда ірі жарақаттык тесік пайда болғанда, аутовенаны (санның ірі тері асты венасы, білектің беткей венасы) немесе шандырдан, апоневроздан, вена қабырғасынан жасалған жамауды қолданады. Осындай мақсатта аллотрансплантанттарды және синтетикалық заттан жасалған тамырлық протездерді де ( капрон, дакрон, перлон және т.б.) пайдаланады. Қажет болған жағдайда (тамырдың аррозиясында) шунттау, яғни қан үшін айналма жол құрастыру жасалады.
Тамырларды бітеу (пломбылау) . Сүйектің кемікті затының тамырларынан кан кеткенде қолданылады. Залалсыз пастаны сүйектің қансырап тұрған бетіне жағады. Пастаның құрамына 5:5:1 катынасындай балауыз, парафин, вазелин кіреді.
Арнайы әдістер:
- металлдан жасалған скобкалармен тамырды кысу лапаро - және торакоскопиялық операцияларда, нейрохирургияда, асқазанның және 12 елі ішектің ойық - жарасының қансырауы бар науқастарға эндоскопиялық гемостаз жүргізгенде қолданылады;
- сүңгі-обтураторды (Блэкмор сүнгесі) өңештің варикозды кеңейген тамырларынан кан кеткенде қолданылады. Сүңгінің 2 манжеткасы бар: төменгісін үрлергенде кардияда тұрады, ал жоғарғысы өңештің қансырап тұрған веналарын қысады;
- операцияның жеке түрлерінде: көк бауырдан кан кеткенде, спленэктомия; асқазаннан және 12 - елі ішектен қан кеткенде, ойық - жараны кесіп алу немесе резекция жасау; өкпелік қан кетуде лобэктомия , т.б. жасалады.
Физикалық әдістер Физикалық әдістер баскаша термиялык деп аталады, себебі олар ыстык немесе суык температураны қолдануға негізделген. Бұл әдістердің колайлылығы ыстык температуранын белоктарды ұйыту және суык температураның тамырлардың тарылуың шақыруы арқылы көрінеді. Ыстык ерітінділерді операциясы кезінде қолдануға болады. Жарадан диффузды, бауырдан паренхиматозды кан кеткенде және т.б. жағдайларда жараның ішіне ыстык физиологиялық ерітіндіrе малынған дәкені енгізеді, 5-7 минутан кейін кан тоқтайды.
Диатермокоагуляция - жоғары жиілікті ауыспалы токтарды қолдануға негізделген, кан токтатудың негізгі, әрі көп пайдаланылатын әдісі. Оның тері асты шел кабатының тамырларынан, бұлшықеттен кан кеткенде, холецистэктомиядан кейінгі ет кашығының орнынан кансырау кезінде және т.б. қолданады. Диатермокоагуляция кансырауды тез токтатуға және құрғақ жарада операция жасауға мүмкіндік береді. Оны жасағанда тіндерді катты күйдіруге болмайды, себебі мұндай жағдайда жараның жазылуы қиындайды.
Электрокоагуляция электропышақ ретінде қолданылуы мүмкін, ол операция жасауды жеңілдетеді. Дақ ретінде фокусталған элеткронды сәуле - лазер - асқазан - ішек жолдарының ауруы бар науқастарда, онкологиялық операцияларда, жоғары қансыраушылыктан зардап шегетін адамдарда (гемофилоя) қолданылады.
Төменгі температураны қолдану (криохирургия). Өте төмен температура пайдаланылады. Тінді локальді мұздату крионекрозаймағын коршап тұрған сау жасушалардың зақымдануынсыз жүргізілуі мүмкін. Бұл әдісті миға, бауырға, бүйрекке операция жасағанда, тамырдың ісіктерін емдегенде қолданады. Тері асты гематомаларында мұз салынған қапшық кеңінен қолданылад. Асқазан ішек жолдарынан кан кеткенде науқастарға мұз бөліктерін жұтқызады.
Химиялық әдістері Қансырауды тоқтатудың химиялық әдістері жергілікті және жалпы (резорбтивті) әсер көрсетеді. Жергілікті қолдануға арналған заттар кансырап тұрған тінмен тікелей жанасканда, ал жалпы әсер көрсететін заттар қанға түсу арқылы өз әсерін көрсетеді.
Жергілікті әсер көрсететін қан тоқтататын заттар: Суттегінің асқын тотығының ерітіндісі - қансырап тұрған жарада тромб тын түзілуін үдетеді.
Балауыз - бас сүйегінің жалпак сүйектері зақымдалғанда және бас сүйегінін трепанациясы операциясында тығын ретінде қолданылады.
Каразохрам - тамыр өткізгіштігін төмендетеді, микроциркуляцияны қалпына келтіреді. Капиллярлы қансырауда қолданылады. Бiркатар дәрілер асқазан - ішек жолдарынан қан кеткенде гемостатикалык зат ретінде жергілікті қолданылады.
Адреналин – эндоскопия кезінде 1:10000 концентрациясында тамыр тарылтқыш зат ретінде қолданылады. Асқазан мен 12 - елі ішектің шырышты ет асты кабатына қансырап тұрған ойык - жараның айналасына инъекция жасалады.
Этоксисклероз - жергілікті жансыздандыратын қабілеті бар жоғары дәрежелі склерозант. Қансырап тұрған тамырға эндоскопиялық инъекция жасау арқылы енгізіледі.
Эппсилон - аминокапрон қышқылы - фибринолиздің ингибиторы. Асқазаннын кансырап тұрған аймағына себеді.
Жалпы (резорбтивті) әсер көрсеттін қан тоқтататын заттар:
ПАМБА (пара - аминометилбензой қышқылы)- фибринді ыдырататын плазминнің белсенділігін тежеу арқылы, антифибринолитикалық әсер көрсетеді. Дицинон, натрий этамзилаты - тромбопластин түзілуін тездететін және тамыр қабырғасының өткізгіштігін қалпына келтіретін заттар.
Викасол (К витамині) - протромбин синтезін үдетеді, бауыр кызметінің бұзылуында (холемиялык кансырауларда) тағайындалады.
Питуитрин - арнайы әсері бар дәрі, жатыр бұлшықетінін жиырлуы мен тамыр саңылауын кішірейту арқылы, жатырдан қан кетуді тоқтатады. Портальді гипертензияны төмендетеді , өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуді тоқтатады.
Сандостатин — вазоактивті интенстинальді пептид пен глюкагон гормон дарын басу аркылы (әсер тежеу), ағзалық кансырауды төмендетеді, өңеш пен асқазанның варикозды кеңеген веналарынан қан кетуді тоқтатуға әсерін тигізеді, ойык - жаралык кансырауларда қолданылады.
Аскорбин қышқылы (С витамині), рутин ( Р витамині ) - тамыр қабырғасының өткізгіштігін төмендету үшін қолданылады.
Биологиялық әдістер 2 түрге бөлінеді: жергілікті және жалпы әсер көрсететін заттар. Жергілікті әсер көрсететін әдістер: Капиллярлык және перенхиматозды кансырауларда келесі гемостатикалық заттар қолданылады:
Гемостатикалық губка - адамның қан плазмасына эпсилон - аминокапрон қышқылы мен кальций хлоридін косу арқылы дайындайды. Қансырап тұрған беткейге жаксы жатады және гемостаз тудырады. Антибиотиктері бар гемостатикалык губка (антисептикалық) іріндеген жарадан кан кеткенде қолданылады.
Фабринді губка - фибриноген мен тромбиннен дайындалған, қансырап тұрған дерге жабады. Фибринді кабык эндоскопиялық гемостаз ретінде асқазан - ішек жолдарынан қан кеткенде қолданылады.
Трамбин донор каныннан алынады, фибриногеннің фибринге өтуін тездетеді. Ерітінде ретінде қолдануға болады (жергілікті), онымен дәкелерді судап, кансырап тұрған жерге жабады немесе жараға себуге болады.
Гепаспон - желатин дәрісі, тромб түзілуін тездету арқылы, гемостазды үдетеді.
Биологиялық антисептикалық тығын - қан плазмасына желатин, гемостатикалық және антибактериальді дәрілер косылған зат. Іріндеген және кірленген жаралардан қан кеткенде колданылады.
Тохокамб фибрин желiмi компоненттерімен жабылған (фибриноген, тромбин, апротинин) коллагенді пластинка. Паренхиматозды кансырауда қолданылады. Операция жасағанда немесе жараны хирургиялык өндегенде, ұнтақталған құрғақ плазманы және биологиялық тіндері ( бұлшықетті ) қолдануға болады. Жалпы әсер көрсететін әдістер: Жалпы әсер көрсететін заттар жедел кан жоғалтқанда қолданылады. Қан компоненттерін құю өте қолайлы: жана мұздатылған плазма, эритроциттік масса, криопреципитат, нативті плазма, фибриноген, тромбоциттік масса, антигемофильді глобулин. Мұндай заттарды қолдануға қатаң себеп болу керек. Контрикал, трасилол, гордокс, апротинин – биологиялық антифибринолитикалык заттар, қанның фибринолитикалық белсенділігін төмендету үшін қолданылады.
Косарланған әдістер Жедел кан жоғалтқанда, кан тоқтатудың тек бір әдісін қолдану нәтижелі болмауы мүмкін. Гемостаз толық болу үшін, кан тоқтаудың әртүрлі әдістерін колдану қажет. Механикалық әдістермен бірге физикалык , химиялық және биологиялық әдістер қолданылады. Мысалы, асқазан - ішек жолдарының кансырауы бар науқастарда кансырау көзін тауып, эндоскопиялық жергілікті гемостаз химиялық әдіс жүргізу керек. Ішке суық қойылады - физикалык әдіс. Керек болған жағдайда, көк тамырға жаңа мұздатылған плазманы және эритроциттік массаны енгізеді - биологиялық әдіс. Операция жасалады (ойық жараны кесіп алып тастау, асқазан резекциясы) - механикалық әдіс. Сонымен бірге, паренхималық заттармен тығын жасайды, т.б. Есте сақтайтын жағдай - кансыраудың себебі гемофилия болса, онда бұндай науқастарға қан токтату үшін криопреципитат, антигемофильді плазма құю кажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет