Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет132/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Бактериальді шок өте сирек кездеседі. Оның себебі, қанның дайындалу және сақтау кезінде инфекциялануы. Асқынулар трансфузия кезінде немесе одан кейін, 30-60 секундтан сон дамиды. Қалтырау, дененің қызуы, козу, есінің бұлыңғырлануы, тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қысымның күрт төмендеуі, ішінің ауыруы, диарея пайда болады. Емдеуді реанимациялық бөлімде жүргізу керек, ол кезде кідірмей шокка, интоксикацияға қарсы және антибактериальді ем шараларын жасайды: анальгетиктерді, кан тамырын тарылтатын дәрілерді (мезатон, норадреналин), реологиялық және дезинтоксикациялык касиеті бар плазма алмастырушы заттарды (реополиглюкин, гемодез, неокомпенсан), электролитті ерітінділерді, антикоагулянттарды, кен спектрлі антибиотиктарды, кортикостериодтарды енгізеді. Үлкен көлемде глазмаферезді қолдану нәтижелі болып табылады.
Ауа эмболиясы енгізу тәсілінде қателіктер жібергенде дамуы мүмкін - трансфузияға арналған жүйені толтырғанда, ауаның қалып қоюы кезінде кездеседі. Венаға ауа кіріп, жүректің оң жартысына барады, содан кейін өкпе артериясының бағанасын немесе бұтақтарын бiтейді. Эмболияның дамуы үшін, венаға бірден 2-3 см ауа кірсе жеткілікті. Өкпе артериясынын ауа эмболиясының клиникалық көріністері - көкіректегі қатты ауыру сезімі, ентігу, катты жотел, дененің жоғарғы бөлігінің цианозы, жиі әлсіз тамыр соғуы, кан кысымының төмендеуі, үрей сезімі. Көп жағдайда нәтижесі қолайсыз болады. Эмболия байкалган кезде, қан құлоды тоқтатып, жасанды тыныс алдыру және жүрек - тамыр қызметін жақсартатын заттарды қолдану керек.
Тромбоэмболия кан кұю кезінде, венадағы тромбтардың жұлынып, тамырлардың эмболиясының нәтижесінде болады. Ол ауа эмболиясы секілді асқынулар беруі мүмкін . Тромб өкпе артериясының ұсақ бұтақтарын бітесе, окпе инфаркті ( көкіректегі катты ауыру сезімі , басында құрғақ жөтел, содан сон кан аралас какырыкты жөтел, дене қызуының жоғарылауы) және инфарктті невмония дамиды. Рентгенологиялық зерттеуде ошақты пневмонияның бейнесі көрінеді . Тромбоэмболияның алғашқы белгілері пайда болғанда, қан құюды дереу токтатады , жүрек - тамыр кызметін жақсартатын дәрі - дәрмектерді колданады, оттегімен тыныс алдыртады, фибринолизин, стрептокиназа, гепарин ертінділерін енгізеді .
Массивті гемотрансфузия синдромы. Қыска уақытта ( 24 сағатқа дейін ) кан тамырына 3 литрге дейін донорлык қан құйылса , оны массивті трансфузия деп атайды. Әртүрлі донорлардан алынған, осындай мөлшерде қан құйылған кезде, массивті гемотрансфузия синдромы атты күрделі белгілер кешені дамуы мүмкін . Оның пайда болуының негізгі факторларына салқындатылған қанның әсері, плазманы сақтау кезінде жиналған қанның ыдырау өнімдері (калий, амиак, т.б.) мен натрий цитратының үлкен мөлшерінің қанға түсуі, жүрек - тамыр жүйесінің жүктелуін тудыратын қан айналымына көп мөлшерде сұйықтықтардың енгізілуі жатады. Ағынды жолмен немесе қысым арқылы кұылған консервіленген канның үлкен мөлшері қан айналамына түскенде, науқаста жүректің жедел кеңеюі дамиды. Клиникалық көрінісі – ентігу, цианоз, он жак кабырға астының ауыру сезімі, жиі әлсіз аритмиялык тамыр соғуы, артериялық қысымның төмендеуі, ал веноздық қысымның жоғарылауы байқалады. Жүректін жүктелу белгілері жүктелу пайда болғанда, енгізуді тоқтатады, 200-300 мл мөлшерде қан ағызады, жүректің қызметін жақсартатын ( строфантин , корглюкон ) және тамырды тарылтатын заттарды, 10 % кальций хлориді ерітіндісін (10 мл) енгізеді.
Цитратты улану натрий нитратын қолданып дайындалған, көп мөлшерде эритроцитті массаны немесе плазманы құйғанда дамуы мүмкін. Натрий нитратының 0,3 г / кг мөлшері уландырғыш әсер көрсетеді. Натрий цитраты реципиенттін кальций иондарын байланыстырып, гипокальциемияны тудырады. Осының салдарынан және қанда цитраттың жиналуынан ауыр интоксикация дамиды. Белгілері: тремор, тырысулар, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі. Сонымен қатар, ауыр жағдайларда тоникалық тырысулар, карашыктардың кеңеюі, брадикардия, өкпе мен мидын сулы ісінуі анықталады. Цитратты уланудың алдын - алу үшін, гемотрансфузия кезінде, әрбір 500 мл консервіленген канға 10 % кальций хлоридінің 5 мл ерітіндісін енгізу керек . Емдеу үшін, 10 % кальций хлоридінің 20 мл ерітіндісін енгізеді.
Ұзақ уақыт сакталған ( 10 тәуіліктен жоғары ) консервіленген канды көп мөлшерде құйғанда, ауыр калий улануы дамуы мүмкін. Ол жүрек карыншалырының дефибрилляциясына , тіпті жүректің тоқтатуына алып келеді . Калий улануының алдын - алу үшін , аз уақыт ( 3-5 тәуілік ) сақталған қанды құю керек, жуылған және жібітілген эритроциттерді қолдану қажет . Емі - венаға лазикс, инсулин, қосылған глюкозанның жоғары концентрациялық ерітінділерін, физиологиялық антагонист ретінде кальций глюконатын, натрий хлоридінің ерітінділерін енгізеді.
Көптеген донорлардан алынған , топтық және резус - фактор бойынша сәйкес қанды көп мөлшерде күйғанда, плазма белоктарына жеке - дара сәйкессіздіктің болуының салдарынан, қанның гомологиялық синдромы дамиды, ол реципиенттің қанында жүретін иммунологиялык реакцияларға байланысты болады. Массивті гемотрансфузияларда плазмалы - белокты (антигенді) сәйкессіздік реакциясы өте қауіпті сипат алады. Клиникалық, белгілері - аздаған көгілдір ренді терісінің бозаруы, жиі әлсіз тамыр соғуы байқалады. Артериялык кысымы төмендеген, венозды кысымы жоғарылаған, өкпеде көптеген ылғал майда көпіршікті сырылдар анықталады, өкпенің сулы ісігі үдей түседі . Жоғалған қанның орнын толық толтырса да, гематокрит пен ЦҚК төмендейді, канның ұю уакыты баяулайды. Синдромның негізіне микроциркуляцияның бұзылыстары, эритроциттердің тоқырауы, микротромбоздар және қанның корға жиналакталуы жатады. Қанның гомологиялық синдромының алдын - алу; тұтас қанды құюдан сақтану болып табылады. Донорлык кан (жуылған эритроциттер) мен гемодинамикалык (шоққа қарсы) әсері бар (полиглюкин, реополиглюкин) плазма алмастырушы сұықтыктарды косып пайдаланудың маңызы зор. Олар канның түйіршіктерін сұйылтып , микроциркуляцияны дұрыстайды, тұтқырлықты азайтады , қанның реологиялық қасиетін жақсартады.
Трансфузия арқылы инфекциялықаурулардың жұғуы. Диагностикалық зерттеулердің жектіліксіздігінен, донорлардан трансфузиялык ортаға түсетін инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын анықтауға болмайды. Мұндай жолмен науқасқа мерез ауруы жұғуы мүмкін. Бұл оқиғада қатты шанкр және регионарлы лимфаденит дамымай, инкубациялық кезең (14-15тәулік) өткеннен кейін , екіншілік мерездің клиникалық белгілері анықталады . Безгек ауруы да жұғуы мүмкін. Аурудың клиникалық көрінісі әдеттегідей.
Гепатит вирусы жұғуы мүмкін. Сау деп есептелетін 5 % донорлар, гепатит вирусымен инфицирленген болып шығады. Қан бөліктерінің трансфузиясын жүргізгенде, гепатит вирусының жұғуының алдын - алу мәселелері толық шешілген жок. Австралиялық антигенді анықтау өте маңызды болып табылады, ол сарысулык гепатиттің спецификалық маркері деп есептелінеді. Гепатит С мен қан сарысуындағы АЛТ мөлшерінің көбеюінің арасындағы тығыз байланыс анықталды. Қазіргі уақытта клиникалық тәжірибеге HCV антиденелеріне арнайы тест - реагент енгізілді. Адам канында HCV антиденелерінің тіпті азғантай титрінің анықталуы, гепатит С вирусымен ауруы немесе оны тасымалдаушылықтың болуының белгісі. Казіргі уақытта жүргізіліп жатқан барлық сақтандыру шаралары қолданылса да, канның бөліктерін құйғанда, 1-2 % жағдайда гепатит ауруы дамуы мүмкін.
Адамның иммундытапшылық вирусының ( АИВ ) жұғуы. Ауру РНК - вирусымен шақырылады. 6 айдан 8 жылға дейін инкубациялық кезеңнен кейін, әртүрлі клиникалық көріністер байқалады: лимфаденопатияның белгілері, салмағын жоғалтуы, шаршағыштық, қызба ұстамалары, неврологиялық бұзылыстар. Абсолютті науқастардың көпшілігі өледі.
Герпес - вирусты инфекциялардың жұғуы. Бұл инфекциялар кең таралған. Қоздырғыштары: қарапайым герпес вирусы, цитомегаловирус пен Эпштейн Барр вирусы. Жұққаннан кейін, клиникалық көріністер байқалмауы мүмкін. Қанның жасушалық бөліктерін кұйғанда, инфицирлену қаупі өте жоғары болады. Донор кан сарысуындағы вирус немесе спецификалық антиденелерді анықтау және жұғудың алдын - алу қиынға түседі. Ол үшін, иммуноферментті анализ керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет