Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жедел хирургиялық инфекция. Түсінігі, жіктелуі. Жалпы емдеу заманауи принциптері



бет133/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2.Жедел хирургиялық инфекция. Түсінігі, жіктелуі. Жалпы емдеу заманауи принциптері.
Хирургиялық инфекция деп - микроорганизмдердің макроорганизмге еніп және көбейіп, олардың ара - қатынасында белгілі бір зандылыққа бағына отырып, коздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудын козуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады. Хирургиялык инфекциялардын қоздырғыштары, негізінен іріңді микрофлораларының өкілдері болып табылады.
Олардың жіктелуі:
- арнайы емес хирургиялық инфекция (жедел, созылмалы);
- арнайы хирургиялық инфекция (жедел, созылмалы).
Арнайы емес хирургиялық инфекция микроорганизмдердің түріне байланысты аэробты және іріңді, таралуына карай – жергілікті және жалпы (сепсис) болып ажыратылады.
Қазіргі таңда клостридиальді емес инфекцияның маңызы зор. Микробтардың көпшілігі өзара қарым - қатынаста өмір сүреді (стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы және т.б.). Анаэробтар мен аэробтардың ассоциясы да кездеседі, бірақ кейбір микробтар (көк іріңді таяқша) басқа микроорганизмдердің антагонисті болып табылады, олар сілтілі ортада тіршілік етеді. Әрбір микроорганизмнің өзінің тіршілік ету ортасы болады. Мысалы, стафилококк тері асты шелмайын жиі зақымдайды, стрептококк - шырышты және сірлі қабықтарды, анаэробтар - зақымдалған бұлшықет тінін, кан айналымы нашар тіндерді, менингококк - ми кабыктарын, гонококк - жыныс мүшелерін зақымдайды.
Денеге хирургиялык инфекцияның ену жолдары
Көп жағдайда микробтар адам денесіне зақымдалған тері мен шырышты қабыктар аркылы ауа - тамшылы, жанасу және имплантациялық жолмен енеді. Денеде микробтар енген жерден гематогенді және лимфогенді жолмен, тамырлар мен нерв бағаналарының, шандыр футлярларынын, сіңір кынаптарынын, қалыпты өзектердің (шап, сан өзектері және т.б.) бойымен, эпифасциальді және субфасциальді тарайды. Инфекция бір ағзадан екінші ағзаға жанасқанда көшуі мүмкін.
Ауруханалык хирургиялык инфекция - бұл хирургиялык стационарда ұзақ уақыт жатқан науқастарға жұғатын хирургиялық инфекция. Микробтың денеге енген жерінде жергілікті кабыну үрдісі дамиды.
Тіндерде инфекцияның даму шарттары
1. Тіннің 1 граммындағы микробтардың саны (1 тінге 105 микроб).
2. Вируленттілігі (патогенді дәрежесі).
3. Микробтардың инвазиялық қасиеті (тіндік бөгеттен өту қабілеті),
4. Микробтардың улылығы (экзо- және эндотоксиндерді болу қабілеті).
5. Науқастың иммундық жағдайы.
Іріңді хирургиялық инфекцияның жалпы белгілері – әртүрлі дәрежеде байқалатын жалпы улану белгілері. Іріңді интоксикацияның негізгі белгілері ол әлсіздік, шаршағыштык, басының ауыруы; бастың айналуы; дене кызуының жоғарылауы; салбырағыштық; адинамия; есінің бұзылуы, тіпті комадамуымүмкін; шырышты кабықтардың құрғауы; лоқсу; құсу; ентігу; тахикардия, гипотонияның дамуы; терісінің бозаруы ( анемия ); еріндері мен аяқ - қолдарының цианозы; ісіну; үлкен дәреттің тоқырауы; диурездін төмендеуі; көкбауыр мен бауырдың ұлғаюы; тері мен склераның сарғыштануы; бұлардың барлығы қанның жалпы лабораториялық және биохимиялық талдауымен дәлелденеді .
Іріңді хирургиялық инфекцияның диагностикасы Диагнозды нақтылау үшін қолданылады:
1. Науқасты клиникалық тексеруден өткізу (шағымы, анамнез, ағзалар мен жүйелердің жалпы жағдайы). Қабынудың жергілікті белгілеріне, экссудаттың сипатына үлкен мән беріледі. Көбінесе, клиникалық зерттеулерге сүйене отырып, аурудың диагнозын және қоздырған микробтын түрін анықтауға болады.
2. Микробиологиялық зерттеу микроорганизмнің түрін және оның антибиотиктерге сезімталдығын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Кейде жағындыларды шұғыл цитологиялық зерттеуге жібереді, ол анаэробты микрофлораны анықтауға бағытталып жүргізіледі. Тіндердегі кабыну үрдісінің дәрежесін гистологиялық әдіспен анықтайды.
3.Жалпы лабораториялық , биохимиялық және арнайы зерттеу әдістері қабыну реакциясының айқындылығын, іріңді интоксикацияның деңгейін, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің токсикалық закамдалу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді . Дененің қорғаныштық қасиетін бағалау үшін , науқастың иммундық жағдайын зерттейді.
4. Аспаптык тексеру әдістері рентгенологиялык, ультрадыбыстык, эндоскопиялык, кт және т.б. Олар тіндерде, қуыстарда және ағзаларда дамыған кабыну ошағының орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Іріңді хирургиялық инфекцияны емдеудің жалпы қағидалары Іріңді хирургиялық инфекцияны емдеу барысында жергілікті және жалпы ем жүргізіледі. Жергілікті емнің негізгі әдісіне хирургиялык операция жатады. Онда еліеттенген тіндерді кесіп алады , іріңді ошақты толық тілін ашып, тазартады да, дренаждар қояды. Жергілікті консервативті емдеуде физикалық , химиялык және биологиялық антисептиктер қолданылады.
Іріңді хирургиялық инфекцияның жалпы емі
1. Антибактериальді ем антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа да микробтарға қарсы дәрілер тағайындалады. Антибиотиктерді ішке, бұлшықетке, венаға, артерияға, сүйектің ішіне, лимфа тамырына, эндолюмбальді және әртүрлі қуыстарға (кұрсак, кеуде, буын қуыстарына) енгізеді. Бұл кезде антибиотикотерапияның барлық қағидаларын сақтаған жөн (мөлшерін, енгізудің арасындағы интервалды, емнің ұзақтығын, дамитын асқынуларды, дәрілердің токсикалық әсерін және т.б.). Дисбактериоздың алдын - алу үшін, наукаска антибиотиктермен қосып саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер тағайындалады. Көбінесе, емдеу барысында, әртүрлі антибиотиктерді және басқа да микробтарға қарсы заттарды бірге енгізеді. Антибиотиктерді тағайындағанда науқастан бөлініп алынған микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын ескеру қажет. Жаңадан шыккан кең спектрлі антибиотиктердің үлкен мөлшерін енгізгенде, науқастың иммунитеті де төмендейді, сондықтан олармен бірге иммундық жүйені дұрыстайтын дәрілерді де енгізу керек .
2. Дезинтоксикациялық ем. Интоксикацияның дәрежесіне байланысты дененiн детоксикациясының әртүрлі әдістері қолданылады дезинтоксикациялық ем (гемодез , неокомпенсан, полинез , перистон - Н , инфузионды реополиглюкин, реомакродекс, плазма, глюкоза ерітінділерін құю үдетілген диурез). Ауыр жағдайларда экстракорпоральды детоксикация әдістері жүргізіледі: плазмосорбция, плазмоферез, гемосорбция, гемодиафильтрация, ксеносорбция, лимфосорбция, гемодиализ,
3. Иммунотерапия, Іріңді интоксикацияның салдарынан науқастың иммундық жағдайы өзгерістерге ұшырайды. Иммунитетті калпына келтіру үшін , арнайы емес иммунотерапия ( метилурацил , декарис, Т - активин, тималин, тимоrен , пентоглобин , лейкиниферон , ликопид , донорлықплазма , т.б. ) , арнайы енжар иммунотерапия (гипериммунды сарысу, иммуноглобулиндер, типериммунды плазма) және арнайы белсенді иммунотерапия (вакциналар, анатоксиндер) жүргізіледі . Науқастың иммундық жағдайын лабораторлы зерттеу әдістерімен бақылап, емнің түрін тағайындау керек.
4. Гомеостазды реттеу. Дененің қызметі мен зат алмасуының әртүрлі бұзылыстарын реттеуге бағытталған ем жүргізіледі. Осы белокты плазма алмастырушы заттар, су - тұзды және қышқыл - сілтілік тепе теңдікті реттейтін сұйықтықтар, глюкоза ерітінділері, реологиялық заттар, дезагреганттар, антикоагулянттар, парентеральді коректендіруге арналған заттар, сондай - ақ май эмульсиялары мен амин қышқылдарының ерітінділері колданылады . Бұл өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін камтамасыз етуге бағытталған күрделі ем болып табылады.
5. Симптоматикалық ем дененің бұзылған қызметтерін түзеуге бағыт талған емнін шарасы (анальгетиктер, кардиотониктер, тыныс аналептиктері, гепатопротекторлар және т.б. тағайындалады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет