Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет128/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Сыртқы қансырауда қан жара бетінен сыртқы ортаға ағады. Мұндай қан кету диагностикасы тез, әрі оңай болады.
Ішкі қансырау. Қан қуысты ағзаларға да, іш қуысына да, сонымен қатар, тіндерге де ағады. Қанның белгілі бір куыста жиналуы арнайы атпен белгілі: қанның құрсақ қуысына жиналуы Haemoritoneum деп аталады, плевра куысына — haemothorax; перикард қуысына – haemopericardium; буын қуысына - haemartrosis. Асқазан - ішек қуысына қан кеткенде ботқа тәрізді қара түсті нәжіс пайда болады және ол – melena деп аталады, өт шығару жолдарынан кан кету — haemobilia деп аталады; бүйрек пен зәр шығару жолдарынан қан кетсе — haemoturia. Қан тіндерге сіңіп , домбығу түзгенде қан құйылу деп аталады. Қан тінаралык кеңістікке сіңіп, ұйып, біртіндеп сорылады. Қан құйылу мөлшері зақымдалған тамырдың диаметріне немесе қан ұю жүйесінің жағдайына байланысты Қансырау кезінде тіндердің қабаттанып , куыстың пайда болуы гематома деп аталады . Егер гематома үлкен емес болса, ол өздігінен сорылып кетеді. Ал ірі гематомалардың айналасында сулы капшык түзетін дәнекер тінді қабық түзіледі, микроорганизмдер түскен жағдайда – іріңдейді. Сорылмаған нематома әктеген тас rематома айналып кетуі мүмкін. Себебі дәнекерленіп кетеді.
Жасырын қансырау көзге көрінер клиникалық белгілерсіз өтеді. Мысалы, клиникалық көріністері көрінбейтін асқазанның және 12 - елі ішектің ойық жарасы ауруы кезіндегі қансырауды келтіруге болады. Тек нәжісті жасырын қанға зерттегенде ғана, жасырын кан кету деп анықтауға болады.
Біріншілік қансыраулар тамырдың жарақаты кезінде немесе патологиялык үрдісте (аррозия болғанда) дамиды.
Рецидивті қансырау біріншілік токтатқаннан кейін, қайтадан кан кетуде айтады. Қансырау рецидивті ерге (қанды тотқатқаннан кейін, бірнеше сағаттан 3 тәулікке дейін және кері 4-5 және одан да көп тәуліктен кейін болуы мүмкін.
Жедел қансырауда қан қысқа уақыт ішінде ағып кетеді (25 мл/мин жылдамдықпен). Созылмалы кансыруда кан ұзақ уақыт аралығында, аз мелшермен ағады. Соңғысы жасырын қансырауда – асқазан мен 12 - елі ішектің ойык - жарасында, геморройда, жатырдын фибромиомасында, т.б. байқалады. Кансыраудың жеңіл дәрежесінде циркуляциялық қан көлемінің (ЦҚК барлык формалық элементтер және плазма) 15 % -на дейін, орташа дәрежелі ауырлыкта 15-30 % ( 750-1500 мл ), ауыр дәрежесінде 30-40 % ( 1500-2000 мл ), ал 40 % -дан ( 2000 мл - ден ) жоғары болған жағдайда ( массивті қан кету) кан жоғалту байқалады. Қан жоғалту дәрежесінің ауырлығын бағалау инфузионды - трансфузионды емнің көлемі мен құрамын және хирургиялык тәсілді аныктауда ыкпалы зор.
Қансырауды Біржолата тоқтату әдістері.
Қансырауды токтатудың – механикалык,физикалык, химиялык, биологиялык және қосарланган әдістерін ажыратамыз.
Механикалық әдістер
Тамырды жараның ішінде немесе тамырдың бойымен байлауға болады. Кансырауды біржолата токтатудың ең бір колайлы әдістерінің бірі, тамырды жара ішінде байлау болып табылады. Бұл үшін, қансырап жатқан тамырдың орталық және шеткі ұштарына кыскыш салып, лигатурамен байлайды. Тамырды байлау кобінесе жараны біріншілік хирургиялық өндеу кезінде немесе операция үстінде орындалады. Тамырды қоршаған тіндерден ажыратып, кысқышпен кысуға мүмкіндік болмағанда, оны Z - тәрізді етіп тігуге болады.
Тамырдың бойымен байлау - амалсыздан орындалатын үрдіс. Оны жарадағы тамыр ұштарын аныктай алмағанда және қабыну инфильтратын да іріңді үрдіс жерінен аррозияланған тамырдан қан кеткенде қолданады. Бұл үшін топографо - анатомиялық мәліметтерге сүйене отырып, тамырды зақымдалған жердің жоғарғы жерінен кесіп, тауып, сәйкес артерияны байлайды. Осы кезде мынаны есте сақтау керек: магистральді тамырға кан келу мулдем тоқтайды, бірак кансырау коллатеральді тармакттар арқылы немесе кері кан ағу нәтижесінде болуы мүмкін. Бұл әдістің ең басты кемшілігі – көп тіндер канмен қамтамасыз етілмей, некроз даму кауіпі туады.
Тамырды айналдыру, бұрау. Орташа калибрлі кан тамырлары зақымдалғанда қолданылады. Тамырларды қысқышпен ұстап, оны айналдыру кимылдарымен өз - өзіне бұрайды. Тамырды бұрағанда интима бұзылады, нәтижесінде тамыр қабырғасында тромб түзіліп, қансырау тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет