Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Операциядан кейінгі кезең. Алғашқы және сонғы кезеңдегі асқынулар, олардың алдын алуы және емі



бет109/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Операциядан кейінгі кезең. Алғашқы және сонғы кезеңдегі асқынулар, олардың алдын алуы және емі.

Жауабы: Операциядан кейін, науқас белсенді ем қабылдау бөліміне немесе операциядан кейінгі бөлмеге жатқызылады.Науқасты тасымалдау кезінде жылы орап қойған жөн.Операциядан кейінгі бөлімде 1-2 тен артық науқас жатпауы керек. Осы бөлімде науқас 2-3 тәулік жатқаннан кейін,жалпы бөлімге көшеді. Науқас жататынбөлмедегі жаймалар таза болуы қажет.Оны төсекке жатқызғаннан кейін жылы орап қояды.Егер операциянаркозбен жасалған болса, науқас ұйқылы ояу күйінде
жеткізіледі. Бұл жағдайда, оның басының астына жастық қойылмайды және науқас ұйқысынан толықоянғанша науқас мейірбикенің немесе дәрігердің қарауында болуы қажет.Себебі, осы мезгілде наркоздан
кейінгі асқынулар дамуы мүмкін:тілдің тыныс жолдарын жауып қалуы,құсу,тыныысы мен жүрегінің тоқтап қалуы
және т.б.Сондықтан,күрделі кеуде жәнеқұрсақ қуысына жасалған операциядан кейін,алғашқы 3-4 сағат ішінде әрбір 15-20 минут сайын, албірінші тәулікте әрбір 35-40 минут сайын жүректің соғуы мен тыныс алу қозғалысын, артериялық қан қысымын өлшеп тұру қажет.
Су тепе-теңдігінің бұзылуының клиникалық белгілері
Су-тұз алмасуының бұзылуы көп мағанабереді.Күрделі операциядан кейін,су алмасуыныңбұзылуына мүмкіндік туады.
Хирургиялық тәжірибеде су және электролитті тепетеңдігінің бұзылуы құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиялық ауруларында, асқазан ішек жолдарына операция жасағанда,күйікте,жыланкөзі бар ауыр созылмалы ауруларда, көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда кездеседі.
Дисгидрацияның қаншалықты ауыр екенін анамезді жинап,білуге болады.Дәрігерге қаралғанға дейінгі кезеңді тоқтаусыз құсық немесе деярея болса, алғашқы белгілері байқалмаса да,су-электролиті тепе-теңдіктің айқын бұзылыстарын күтуге болады.
Шөлдеу-су жетіспеушілігінің алғашқы және негізгі белгісі болып
табылады.Шөлдеуді ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауынан ажырата білу керек.Кейбір науқастарда таза судың жеткіліксіздігі байқалады, мысалы,науқастың жағдайы ауыр болғанда,кома жағдайында өздігінен су іше алмағандықтан,сонымен бірге су ішуін шектеп,венаға сұйықтықты жеткіліксіз мөлшерде енгізгеннен дамиды.
Қолтық асты және шап астындағы құрғақтық суды жоғалтудың негізгі
белгісі болып татылады.Бұл кезде адам денесінде 1,5 литір су жетпейді. Қалыпты жағдайда осы аймақтағы тері бездері үнемі қызмет
атқарып,ол жерді ылғалдандырып отырады.
Катабалитикалық фаза
Катаболитикалық фаза 5-6 күнге созылады,бұл кезде симпато адреналды жүйенің белсенділігі артады,қанға көп мөлшерде катехоламиндер,гликокортикалдар,альдастерон түседі. Осы үдерістің мақсаты денеге қажетті энергетикалық және пластикалық заттарды
уақытында жеткізу болып табылады.Нейрогуморальді үдерістер тамырлардың серпімділігін өзгертіп,тіндердегі микроциркуляцияны және тотығу қалпын келтіру үдерісінің бұзылыстарын тудырады,осының салдарынан ацидоз бен гликоз дамиды.Белоктардың ыдырауы жоғарылайды,бір тәулікте олардың жоғалуы 30-40 грамға
жетеді.Операциядан кейін асқыну пайда болса,катаболитикалық фазаның белсенділігі арта түседі.
Жараның асқынулары
• Операциядан кейінгі ерте кезеңде мынадай асқынулар тууы мүмкін:
• Қансырау;
• Жараның ашылуы;
• Инфекцияның дамуы;
Қансырау-кез-келген жарада кездесетін негізгі белгі.Бұл өте қауіпті асқыну,кейде науқас өміріне қауіп төндіріп, қайта операция жасауға
тура келеді.
Операциядан кейінгі асқыну үш түрге бөлінеді:
• Сыртқы қансырау-қан операция жарасына ағады,танғыш ылғалданады.
• Дренажды қан кету-қан ішкі ағзалардан немесе жарадан дренаж арқылы сыртқа шығады.
• Ішкі қансырау-қан сыртқа шықпай,дененің ішкі қуыстарына жиналады.
Тігістердің ажырауы-лапаротомды жарадағы тігістердің ажырап, ішкі ағзалардың сыртқа шығуын эвентрация деп атайды.Ол жараны тігіп жатқанда жіберілген техникалық қателіктердің,құрсақ қуысындағы қысымның жоғарылауының,жарада инфекцияның пайда болуының себебінен болады. Қайта жасалған операцияда жара тігістерінің ажырау қауіпі жоғары болғандықтан,іштің алдынғы қабатындағы жараны түймемен немесе түтікпен бекітіп тігеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет