Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет12/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Клиникалық көріністері . Анаэробты инфекциялардың инкубациялық кезеңі 1-7 күнді құрайды , бұл кезең неғұрлым қысқа болса , ағымы соншалықты ауыр түрде өтеді . Найзағай тәріздес түрі жараланғаннан кейін , алғашқы сағаттарда дамуы мүмкін. Аурудың клиникасы микробтардың вируленттілігіне , жараның көлеміне, қансырау , шокпен асқынуына , науқастың иммунитетіне сай әрқилы болып келеді . Жара керіп қатты ауырады , жараға салынған таңғыш тіндерді қысады . Жалпы интоксикацияның алғашқы белгілері : тамыр соғысы , тыныс алудың жиілеуі , әлсіздік , жүйке жүйесінің тежелуі немесе қозуы ( көп сөйлеу, мазасыздану). Дене қызуы басында субфебрильді , соңынан тез 38,3-39 ° C дейін көтерілуі . Тамыр соғысы 140-150 , тыныс алу жиілігі 30-40 минутына . Қан қысымының 90 – 80 мм.с.б. дейін төмендеуі . Жараланған қол - аяқ жарасы қарағанда қатты ісінген, терісі бозарған, теріде бозғылт – қызыл дақтар, жолақтар анықталады. Тері астында пальпация кезінде эмфизема (газ), крепитация естіледі.
Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады. Жараның іші сұрғылт өліетке толы, шетінен басқанда жара ішінен газ көпіршіктері шығады. Газды гангренада қол аяқты жіңішке жіппен байлау арқылы тіндерінің прогрессивті ісінуіне көз жеткізуге болады. Байлаған жіп тез арада теріге ене бастайды, бұл сынама – лигатура сынамасы деп аталады. Анаэробтар токсиндерінің әсерінен қан анализінде гемоглобин, эритроциттер күрт төмендейді , анизоцитоз , гипохромия пайда болып , нормобласттар жоғалады . ЭТЖ 50 – 60 мм /сағ. дейін өседі, лейкоцитарлық формула солға жылжып, лейкоцитоз орын алады . Эозинофилдер жоғалып, лимфоциттер азаяды. Таяқша ядролы нейтрофилдер, миелоциттер көбейеді. Анаэробты инфекцияның жіктелуі:
1. патолого - анатомиялық ;
2. клиникалық ;
3. анатомиялық.
Осылардың ішінде клиникалық және бактериологиялық тұрғыдан патоло - анатомиялық классификация кеңінен қолданады . Жіктелудің осы түрінде анаэробты инфекция келесі түрлерге бөлінеді : эмфизематозды , токсикалық ісіну , аралас , некрозды ( шірікті ) , флегмонозды , тіндердің ыдыраумен өтетін түрі . Эмфизематозды газды гангренаға тіндердің ісінуінен газ түзілуі басым , қоздырғышы көбінесе Clotridium perfringens . Клиникалық көрінісі токсикалық және аралас түрлеріне қарағанда жеңілдеу келеді . Ұлы Отан соғысында анаэробты инфекцияның бұл түрі 19,7 % құрап, аурулардың 36,2 % көз жұмған. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады. Токсикалық ісіну түрінде тіндердің ісінуі газ түзілуінен белсенді болады, ауыр Токсикоз орын алады. Қоздырғышы СІ .Оedеmаtiеnѕ, анаэробты инфекциялар арасында 34,7 % кездесіп , 52,3 % жараланған жауынгерлерді өлімге әкелген. Қоздырғыштары аралас газды гангренада тіндерде токсикалық ісіну, газ түзілу қатар жүреді , даму жиілігі 29,2 % , адам өлімі 4,1%. Некроздық формасы тіндердің өліеттенуімен өтеді, 93 % кездесіп, аурулардың 22,3 % өлімге әкеледі, басқа түрлерімен салыстырғанда жеңіл жүреді. Флегмонозды формасында эмфизема мен ісік бәсеңдеу , іріңдеу байқалады, тез таралмайды. Ағымы жеңіл, сирек кездеседі 7,1 %, өлімге әкелуі 10,3 %. Клиникалық классификация бойынша найзағай тәріздес және жедел түрлерін ажыратады. Найзағай іспеттес түрі. Науқас жараланғаннан кейін бірер сағатта, иммобилизация және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттанса дамиды , тез арада өлімге әкеледі. Жедел түріне газды гангренаның басқа түрлерін жатқызады.
Анатомиялық жіктелуде газды гангренаны эпифасциалды және субфасциалды деп бөледі . Газды гангренаның алдын алу шаралары: Алғашқы көмекті дер кезінде және дұрыс көрсету , шоктан шығару , қан тоқтату , анемиямен күресу, неғұрлым ерте жараға біріншілік хирургиялық тазарту жүргізіп , дренаждау . Жергілікті және жалпы антибиотикотерапия жүргізу , қажетті жағдайларда жараланғандарды эвакуациялау. Жараны мұқият бақылап жаралардың асқынуының алғашқы белгілерін дер кезінді анықтау . Кірленген , жыртылған үлкен жараларда гангренаға қарсы сарысудың 1-2 дозасын бұлшықетке инъекциялау . Қазіргі кезде газды гангренаның алдын алу мақсатында 1 арнайы сарысу қолданады : құрамында Clostridium perfringens қоздырғышына қарсы 10000 антитоксикалық бірлік; Cl Sеpticum қарсы 10000 а.б ; Cl . Oedematiens карсы 10000 а . б . 2. Анаэробты бактериофагты тең мөлшерде стафилококк, стрептококтың бактериофагтарына қосып, осы бактериофагтарды 1 : 1 қатынаста 0,5 % новокаин ертіндісімен араластырып жараға жергілікті анестезия жасалады . Жараның көлеміне байланысты 100 – 200 мл . бактериофагтар ерітіндісін қолданады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет