Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
Ылгал гангрена. Себебі, клиникалық белгілері. Жалпы емдеу принциптері.
Гангрена некроздың бір түрі , қан айналымның біріншілік бұзылуымен бай ланысты дамитын , тіндердің немесе бүтін ағзаның өлеттенуі . Гангренаның себебі кан айналымның ауыр бұзылыстарына әкелетін сыртқы да , ішкі факторлар болуы мүмкін . Сырткы факторларға тіндердің көлемді жаншылулары , езілулері , тамырлардың зақымдануы , жгуттын ұзақ байлануы, тамырлардың тромбоздары және эмболиялары , облитерациялау шы атеросклероз , облитерациялаушы эндартериит жатады . Гангренаның өте жиі себебі жедел және созылмалы артериалды жетіспеушілік болады . Құрғақ және ылғалды гангренаны ажыратады.
Құрғақ гангрена өлеттенген тіндердің инфекциянын косылуынсыз тез кебуімен сипатталады ( мумияланумен ) .
Ылғалды гангрена кезінде тіндердің некрозы колликвациялық типінде , шірітуші инфекцияның қосылуымен өтеді , бұл өлеттенген тіннін ыды рауына және ауыр интоксикацияның дамуына әкеледі .Ыдыраған тіндер кір - жасыл немесе қара түсті , сасық иісті болады .
Ағзадағы кан айналымның жедел токтауы салдарынан гангренаның дамуы қатты ишемиялық ауырсынумен қабаттасады . Ауырсыну тамырдын бітелген жерінен төмен орналасады . Қол - аяқтың сыртқы көрінісі жылдам өзгереді : ол бозғылт болып , содан соң мраморлы - көкшіл түске , суық , терінің сезімталдығы жойылады . Құрғақ гагренаның дамуы кезінде некроз аймағы біртіндеп кеуіп , сау және өлеттенген тінде шекарасында анык демаркациялык сызык пайда болады . Тері қарайып қалады . Интоксикация болмайды немесе мардымсыз айқындылыкта . Ылғалды гангрена кезінде науқастың жағдайы тіндердің шіріп ыдырауынын косылуы және уытты өнімдердің қанға сіңірілуі салдарынан бірден ауыр бо лып қалады . Жоғары дене қызуы , тахикардия , қалтырау , шелдеу , терінің және шырышты қабаттардың құрғақтығы тән . Некроз аймағында ( бұл көбінесе аяк ұшы және балтырдың төменгі үштен бірі) тері көкшіл болып , қоңыр кызыл дақтармен , ішінде геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болады . Қол - аяк ісінген , көлемі жағынан ұлғайған , тіндер кір - сұр түсте , сасык иісті . Некроздың бастапқы белгілерінде тыныштық беріп , асептикалық таңғыш салу керек . Некроздың емі оны шақырған себепке байланысты . Кез - келген некроз ды емдеген кездегі жалпы іс - әрекет – кесу ( некротомия ) және некрозданған тіндерді алып тастау. Некротомия кезінде алеттенген тіндерге анестезия сыз бірнеше паралельді тілімдер жасайды , содан соң спирттік таңғыш сала ды немесе ыдыраған некрозданған тіндердін алып тасталуына ықпал етуші , физикалык антисептика заттарын қолданады. Нәтижеде организмнің интоксикациясы азаяды. Некрэктомияны скальпель, қайшылардың (механикалык некрэктомия), протеолитикалык ферменттердің ( химиялык некрэктомия ) , физикалык факторлардың — ультрадыбыс , лазерлік сәулелердің ( физикалык некрэктомия ) көмегімен орындауға болады . Үдемелі ылғалды гангрена кезінде үрдістің шектелуін күтпей , қол аяқтың жоғары ампутациясын орындау керек . Қурғақ гангрена кезінде демаркациялық сызық түзілгенше күтеді. Ампутацияны одан жоғарғы сау тіндерге дейін жасайды.