Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Газды гангрена. Себебі, патогенезі, жіктелуі, клиникалық белгілері



бет11/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Газды гангрена. Себебі, патогенезі, жіктелуі, клиникалық белгілері.

Анаэробты гангренаны госпиталды гангрена деп бірінші болып 1562 жылы сипаттама берген Амбруаз Паре 1839 ж. Вельо газды гангренаның клиникалық көріністерін жазып, патологияны анаэробты инфекциямен және жарақатанумен байланыстырған . Анаэробты гангренаны соғыс кездерінде мұқият зерттеп, себептерін анықтап , алдын алу , емдеу шараларын ретке келтірген Ресейдің атақты оташысы , ғалымы Н. И. Пироговтың еңбегі өте зор . Газды гангрена көбінесе соғыс кезіндегі жаралардың аса қауіпті асқынуы ретінде кездеседі. Бейбітшілік уақытта да жыртылған , өліеттенген , қанталаған көлемді жараларда дамуы ықтимал . Ұлы Отан соғысы жылдарында газды гангрена жараланған жауынгерлердің 1,5 - 2 % -дамыған және жараланудан кейін көз жұмғандардың 10 % -өліміне себеп болған . Газды гангренаның этиологиясы . Қоздырғыштары ауа жоқ ортада , спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтар : Clotridium perfringens , . Oedematiens , Cl . Sеpticum , Cl . Histolyticum . Ұлы Отан соғысы кезінде газды гангренаның 80 % -аталған микробтардың бірнеше түрлерімен шақырылған немесе стафилококк, стрептококпен бірігіп ауру тудырған . Clotridium perfringens басқа қоздырғыштарға қарағанда жиі кездеседі , ерекшелігі тіндерде газ түзіліп , ауыр интоксикация орын алады . Газды гангренаның қоздырғышы ретінде екінші орында СІ . Оedematiens , ерекшелігі – тіндердің қатты ісінуі , ауыр интоксикацияға әкелуі . СІ . Septicum қоздырғыш ретінде сирек кездеседі , тіндерде қанды сарысу түзіліп, ісініп , науқастың ағзасында ауыр токсикоз орын алады . СІ . Histolyticum жеке түрі газды гангренаны өте сирек тудырады , басқа түрлерімен біріккенде тіндерді тез арада ыдыратып , науқасты өте ауыр интоксикацияға ұшыратады . Анаэробты инфекциялардың ерекшеліктері : Жергілікті қабыну белгілері - қызару , жергілікті температураның көтерілуі болмайды , анаэробтар қорытып шығаратын эндо- , экзотоксиндердің әсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді , ісінеді , тіндерде газдың түзілуі орын алады және науқаста ауыр интоксикация дамиды . Газды гангрена даму үшін қоздырғыштардан басқа да факторлар әсер етеді :
1. Топырақпен , кір киімдердің қиықтарымен ластанған , өліеттенген жұмсақ тіндерге , әсіресе мыжылған бұлшықетке толы жыртылған ауыр жаралар .
2. анемия , шок , қатты тоңу , жгут салу , тамырларды байлау , жараны қатты таңу , әсіресе тіндердің гипоксиясы .
3. науқастың иммунитетін төмендететін жағдайлар ( қатты зорығып шаршау , жүдеу , суыққа шалдығу ) .
4. жараланған жердің транспорттық иммобилизациясында және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттануы.
Патогенезі . Анаэробты микроорганизмдердің эндо , экзотоксиндерінің әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді екі кезеңге бөледі : 1 ) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналып , тіндердің токсикалық ісіну кезеңі ; 2 ) тіндерде өліеттенген бұлшықеттердің гликогені , белоктары , қантының ыдырауында газ түзіліп , бұлшықет және дәнекер тіндерді қысып прогресивті өліеттендіру кезеңі . Тіндердің ісініп , араларына газ түзілуінде тінішілік қысым жоғарылап , жарада қан айналымы бұзылады . Осының салдарынан сау бұлшықеттер , т.б. жұмсақ тіндер некрозға ұшырап , анаэробтардың ары қарай өсіп өнуіне қажетті қоректі заттар көбейеді . Бұл кезеңдердің ағымы , клиникалық көріністері қоздырғыштардың түріне байланысты болып келеді . Анаэробтардың токсиндері қан арқылы бүкіл организмге тарап , ауыр интоксикацияға әкеледі . Науқас ағзасының функциясы бұзылып , істен шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет