Автоклавтың жұмыс тәртібі. Жара таңатын заттардың тазалық сапасын бақылау әдістері.
Бұл әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады. Жәй бу арқылы қазіргі кезде залалсыздандыруды пайдаланбайды, себебі қызуы жеткіліксіз болады және микробтардың барлығын жоймайды. Автоклавта қысымды жоғыарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бұл қайнату нүктесін жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132,9*С-қа дейін көтереді. Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге дейін болады.
Хирургиялық құрал саймандар, танғыш заттар, жапқыштар және т.б. материалдар металл қорап Шиммельбуш бикстеріне салынады. Залалсыздандыру алдында бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерді ашады, ал бикстің қақпағын тығыз етіп жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін, автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуге керекті іс әрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы манометр және термометр көрсеткіштері көмегімен бақыланады.
Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді. Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін, бүйірлеріндегі тесігін жауып, залалсыздандыру уақытын белгілп қояды. Жабық бикс 72 сағат ішінде залалсыздығын сақтайды.
Таңғыш заттар мен операциялық жапқыштардың түрлері:
Дәкеден жасалынған шариктер;
Тампондар;
Салфеткалар;
Турундалар;
Бинттер;
Мақта дәкелі тампондар;
Таңғыш заттарды, әдетте залалсыздандыру алдында дайындайды. Таңғыш заттар қайтадан пайдаланылмайды, қолданылғаннан кейін, олардың көзін жою керек. Таңғыш заттарды бикстерге салып, автоклавта залалсыздандырады. Санауға онай болу үшін, шариктің 50-100 данасын бір дәкелік салфеткаға, ал салфеткалар мен тампондарды 10 данадан орап салады.
|