Аяқтын веналық тромбозынын себептері, көп жағдайда хирургиялық және гинекологиялық операциялар, жарақаттар, босансулар болып табылады. Екінші орында магистральді вена саңылауындағы туа біткен және жүре пайда болған кемістіктер тұрады. Жедел тромбоздың дамуына әртүрлі инфекциялық аурулар, әсіресе баспа ауруы мен тіс жегісіндегі инфекциялық ошақтар себепші болуы мүмкін. Тромбофлебиттің дамуында негізгі орынды қаннын физико-химиялық құрамнын өзгерістері алады.
Жедел веналық тромбоздар қатерлі ісігі бар науқастарда жиі пайда болады, ол қаннын коагуляциялық және агрегациялық қасиеттерінің жоғарылауының нәтижесінде дамиды. Олар веналардың сыртынан ісікпен, қабыну инфильтратымен, жүкті жатырмен қысылғанда да туындауы мүмкін.
Патогенезі.Вирхов триадасы- қан ағымынын баяулауы, қаннын химиялық құрамынын өзгеруі және венанын эндотелий қабатынын зақымдалуы тромбтың түзілуіне себепші болатын шарттар, олар қазірге дейін тромбтың түзілу патогенезінің негізі болып табылады.
Клиникасы. Дерт ауыпалы болады және мынадай негізгі патологиялық факторлармен анықталады; зақымдалған шеткі мүшедегі веналық қаннын ағып кетуінін бұзылу дәрежесімен, вена қабырғасындағы қабынулық өзгерістердің денгейімен және перифлебиттің айқындылығымен сипатталады. Гемодинамикалық бұзылыстар тромбоздың орналасу жерімен және онын ұзындығымен, қосымша қан айналымынын дамуымен және екіншілік артериялық тарылудың айқындылығымен анықталады. Осы себептерге байланысты терең веналардың ошақты тромбофлебиті көбінесе белгі бермей дамиды.
Емі. Жедел тромбофлебиттің консервативті емі: зақымдалған шеткі мүшені көтеріңкі қалпында орнықтырып, қатаң төсектік тәртіп тағайындалады; майлы-бальзамды, гепаринді немесе бутадионды таңғыштар 7-10 күнге салынады; ішке дезагреганттар және қабынуға қарсы дәрілер(бутадион, реопирин, аспирин және т.б.) беріледі; спазмолитиктер(папверин, ношпа) бұлшықетке енгізіледі; фибринолитикалық және антикоагулянтты (гепарин, фраксипарин, клексан, флегмин) ем жүргізіледі; микроциркуляцияны және қанның реологияық қызметін жақсартатын плазма алмастырушы ерітінділер (реополиглюкин, реоглюман, реомакродекс, трентал және т.б.) венаға құйылады; антибактериальді, дезинтоксикациялық және симптоматикалық ем тағайындалады.