Тромбоцитарлық масса
Тромбоцитарлық массаны жедел центрифугалау жолымен, сақталуы 1 тәуліктен аспаған, консервіленген донорлық қаннын плазмасынан алады. Оны 4 С температурада,6-8 сағат, 22 С температурада 72 сағат сақтайды.
Жаңа дайындалған массаны жалпылама пайдаланады. Құйылған тромбоциттердің өмір сүру ұзақтығы 7-9 күн. Тромбоцитарлық массанын трансфузиясына көрсеткіш болып, келіп шығу себебі әртүрлі тромбоцитопения, сонымен қатар жедел қан жоғалту үшін көлемді жүргізілетін гометрансфузиялар кезіндегі геморрагиямен көрінетін тромбоцитопениялар. Тромбоциторлық массанын трансфузиясы кезінде топтық үйлесімділікті, Rh-фактор бойынша үйлесімділікті есепке алу, биологиялық сынаманы жүргізу керек, себебі тромбоцитарлы массаны алғанда донорлық қаннын эритроциттері қоспасы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |