Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Болжамы . Емдеу шаралары дер кезінде жүргізілсе , болжамы жақсы болады. №8 билет



бет24/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Болжамы . Емдеу шаралары дер кезінде жүргізілсе , болжамы жақсы болады.
8 билет



  1. Қан құю кезіндегі резус-факторды және резус-сәйкестігін анықтау.

Қан құю кезінде , резус - фактордың алты негізгі антигені белгілі екендігін ескеру керек. Антигендердің бұл жүйесін белгілеу үшін , Фишер - Рейс номенклатурасын пайдаланады ( D , C , E , d , c , e ) . Қан топтарының резус жүйесінің ең иммуногенді , негізгі антигеніне – D антигені жатады . Халықта D антигенінің таралуы 85 %. Қанның қай резiсқа жататындығын зерттеу , лабораториялық жағдайда конглютинация әдісімен арнайы антирезус сарысуын пайдаланып жүргізеді . Тығыз жағдайда , резус - факторды экпресс тәсілмен анықтауға болады . Алдымен , қай топқа жататындығы анықталады (ABO жүйесімен). Қазіргі кезде резус - факторды мынадай тәсілдермен анықтауға болады :
1. Экспресс - əдіс ( жылытусыз ) .
2. Лабораториялық әдістер .
3. Агглютинация әдісі , тұзды ортада .
4. Агглютинация әдісі , желатинмен .
5. Анти - D реакциясы - моноклональді антиденелермен . Керек заттар : анықталушы қанның тобына сәйкес келетін екі түрлі сериялы антирезус сары сулары немесе топтық сәйкес келетін стандартты жуылған бір топтағы резус - оң және резус - теріс эритроциттер , Петри табақшасы , су буы , пипетка , әйнектер немесе әйнек таяқшалары . Петри табақшасына бір сериялы антирезус сарысудың қатарынан 3 үлкен тамшысын және басқа сериядан 3 тамшыны тамызып , сарысудың екі горизонтальді қатарын алады . Одан кейін , бірінші қатардағы екі серияға да кіші көлемде зерттелетін қанды тамызады ( қан мен сары судың ара қатынасы 1:10 немесе 1 : 5 болуы керек ) , ортадағы қатарға осындай тамшыдан стандартты резус - теріс стандартты эритроциттерді тамызады ( спецификалық бақылау ) . Әр тамшыға жеке әйнек таяқшасын пайдаланып , эритроциттер мен сарысуды жақсылап араластырады , табақшаның қақпағын жауып , 10 минут су буына 46-48 ° С температурада ұстайды . Кейін , табақшаны жарыққа ұстап , нәтижені бақылап көреді . Стандартты резус - оң эритроцит тамшысында агглютинация болуы керек , резус - теріс эритроцит тамшысында болмауы керек . Егер екі сериядағы зерттелетін эритроциттері бар сары судың тамшысында агглютинация болса , қан резус - оң , ал жоқ болса - қан резус теріс деп есептеледі . Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін сарысудың тамшысына ( қанның тобын ABO жүйесі бойынша анықтаудағы сияқты ) косуға тыйым салынады . Ол агглютинация реакциясын бұзуы мүмкін .
Резус - факторды анықтауда кездесуі мүмкін қатерліктердің себебі :
1 ) Стандартты антирезус сары суының белсенділігінің төмендеуі ;
2 ) Сары су мен қанның ара - қатынасының бұзылуы ;
3 ) Зерттеу барысында температуралық тәртіптің сақталмауы ;
4 ) Жкспозиция уақытының кем болуы ( 10 минуттан аз ) ;
5 ) Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін қосу ;
6 ) Сарысудың спецификалылығы мен белсенділігін анықтайтын бақылау сынамаларын жүргізбеу ;
7 ) Стандартты сарысулардың , зерттелетін стандартты эритроциттердің топтық сәйкессіздігі . Резус - факторды экпресс әдіспен анықтау үшін , арнайы реагент – IV ( AB ) топтың антирезус сарысуын пайдаланады . Ол адам альбуминінің 20-30 % ерітіндісімен сұйылтылады IV ( АВ ) топтың антирезус стандартты сарысуының тамшысын әйнекке немесе Петри табақшасына тамызып , онымен қатар антиденесі жоқ IV ( AB ) топтың резус - теріс сарысуын тамызады . Оған 2-3 есе аз болатын зерттелетін қанды қосады да , әйнек таяқшасымен немесе шайқау арқылы 3-4 минут аралыстырады . Содан кейін , натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып , 5 минуттан кейін нәтижені бақылайды . Эритроциттер антирезус сарысуының арасында агглютинация жүріп , бақылау сарысуымен болмаса зерттелетін қан резус - оң болып табылады , ал екі сарысумен де агглютинация жүрсе , реакцияны күмәнді деп қараған жөн және жедел жағдайда қан құю үшін , тек қана резус - теріс қанды пайдалану керек , ал егер ол жоқ болса , резус - фактор сәйкестігін анықтағаннан кейін ғана , резус оң канды кұюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет