Ерекше емі: сіреспеге қарсы сарысуды венаға енгізудің бір тәуліктік мөлшері- 100 000 – 150 000 ХБ; курстық мөлшері - 200 000 – 350 000 ХБ.
7 билет
Қан құю кезіндегі сәйкестік сынаулар. Олардың өткізу тәртібі (топ сәйкестілік, резус сәйкестілік, биологиялық сынама).
Сәйкестілік сынамаларын жүргізу . Индивидуальді ( жеке - дара , топ тық ) сәйкестікті анықтау үшін , тамырдан пробиркаға 3-5 мл қанды алады , центрифугадан өткізеді , кейін сары судың үлкен тамшысын табақшаға немесе пластинаға тамызады . Оның қасына ара - қатынасы 5 : 1 - 10 : 1 донор қанының тамшысын құяды да , шыны шыбықпен немесе шынының бұрыштарымен араластырады, 5 минут өткеннен кейін , изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісінің тамшысын тамызады да , агглютинация бар немесе жок болуына карап корытынды жасайды. Агглютинацияның жок болуы донор мен реципиенттің арасындағы қанның топтық сәйкес келуінің белгісі , ал аглютинация пайда болса, кан сәйкес емес деген сөз . Топтық сәйкестілік сынамасын әрбір құйылатын канның ампуласымен жасау керек .
Резус - фактор бойынша сәйкестікті анықтау . Реципиенттің венасынан , топтық сәйкестікті анықтаудағыдай қан алынады , центрифугадан өткізіп , сарысудың бір тамшысын Петри табақшасына тамызады да , оған 3-5 есе кем донор қанын қосып араластырады . Бетін қақпақпен жауып , температурасы 42-45 ° C су моншасына 10 минутқа қояды . Содан соң , табақшаны жарықта қарап , агглютинация бар немесе жоқ екенін анықтайды . Нәтижені лупаның көмегімен қараған жөн . Агглютинация жоқ болса , донор қаның құюға болады . Агглютинация пайда болса , онда реципиенттің қаны резус - теріс және сары суында антирезус антиденелердің бар екендігінің белгісі . Бұл науқасқа тек қана , резус - теріс қанды құюға болады . Резус - фактор бойынша сәйкестілік сынамасын әрбір құйылатын қанның ампуласымен жасау керек . ABO жүйесімен топтық немесе резус - фактор бойынша сәйкестік сынамаларын жүргізген кезде , шынайы агглютинация анықталса , онда донор қаның іріктеп , сәйкес қанды табу керек . Қан тобы мен резус - факторы біртекті қанды іздейді . Әрбір флакондағы қанмен және реципиенттің сарысуымен АВО жүйесімен топтық және резус - фактор бойынша сәйкестік сынамаларын жасау керек . Егер агглютинация жоқ болса , биологиялық сынаманы жүргізгеннен кейін , науқасқа осы қанды құюға болады .
Биологиялық сәйкестілік сынамасын жүргізу. Қан және оның бөлшектерін ( эритроцитті массаны, эритроцитті тұнбаны, плазманы) құю биологиялық сәйкестілік сынамасан жүргізуден басталады . Ол үшін алғашқы 15-20 мл қанды сарқыратып құйып , 3 минутқа енгізуді тоқтатады да , науқастың жалпы жағдайын ( халін , тері жабындыларының түсін , тамыр соғуы мен тыныс алуын ) бақылап отырады . Тамыр соғуының жиілеуі , ентігу , тынысының нашарлауы , бетінің қызаруы , артериялық қысымның төмендеуі донор мен реципиенттің қанының сәйкес болмауының белгісі. Мұндай белгілер анықталмаса , сынаманы осы тәртіппен тағы да 2 рет қайталайды . Егер ешқандай реакция болмаса трансфузияны ары - қарай жүргізуге болады . Биологиялық сынама науқасқа наркоз беру кезінде де өткізіледі .
Достарыңызбен бөлісу: |