Клиникалық көрінісі жергілікті белгілерден ( жыланкөздің болуы , оның орналасуы , құрылысы , бөліністердің сипаты ) және жыланкөздің дамуының себебі болған дерттің ( жарақат , ауру , даму ақаулары , т.б. ) белгілерінен жинақталады . Жыланкөздің өзегінен ішкі ағзалардың бөліністерінің шығуы ( сілекей , нәжіс , өт , несеп және т.б. ) , оның бірден - бір патологиялық - клиникалық белгісі болып табылады . Басқа белгілер тек салыстырмалы түрде маңызды және алдын - ала диагноз қоюға ғана жарамды . Өңешті - респираторлы жыланкөздер айқын клиникалық белгілермен ерекшеленеді : тағам қабылдағанда ұстамалы жөтел немесе су ішкенде қақалу байқалады . Жыланкөздер науқастың жалпы жағдайын айтарлықтай бұзуы мүмкін : ірінді жыланкөздерде интоксикация белгілері байқалады ; асқазан мен жіңішке ішектің жыланкөздерінде ас - қорыту сөлдерінің көп мөлшерде жоғалуына байланысты , белок пен су - тұз алмасуының күрделі бұзылыстары дамиды . Диагностикасы қиындыққа соқпайды . Ол науқастың шағымдарына , анамнезіне , жыланкөздің түріне , бөліністердің сипаты мен мөлшеріне , ал ағзааралық жыланкөзде осы ағзалардың қызметінің өзгерістеріне негізделеді . Жыланкөзді өзектің бағытын , ұзындығын , тармақталу сипатын , патологиялық ошақпен байланысын анықтау үшін , контрастты заттарды ( йодолипол және т.б. ) өзекке енгізіп , рентгенография ( фистулография ) жүргізіледі . Диагнозды нақтылауда бөліністерді зерттеудің маңызы зор : Хлорсутекті кышкылдың анықталуы жыланууің асқазаннан шыққандығын көрсетеді ; несеп қышқылды тұздар - несетті жыланкөздің бар екендігін дәлелдейді . Бронхо - плевральді жыланкөзге күдік туғанда плевра қуысына бояғыштарды ( метилен көгін ) енгізіп , какырыкты зерттейді , егер ол боялып шыкса , онда диагноздың дұрыстығы күмән тудырмайды . Анус аймағындағы жыланкөзге бояғыш затты енгізгенде , тік ішектен нәжістің боялып шығуы , толык жыланкөздің белгісі болып табылады . Ішкі ағзалардыңжыланкөзін анықтау үшін өңештің , азказанның , тоқішектің рентгенконтрастты тексеру әдістері жүргізіледі . Сонымен қатар , жыланкөздің орналасқан жерін және тесігінің көлемін анықтауда эндоскопиялық зерттеу тәсілдерінің ( ФЭГДС , колоноскопия , бронхоскопия және т.б. ) маңызы зор . Кейбір науқастарда ішкі жыланкөздер баска дертке байланысты жасалған операция кезінде ғана анықталады .
Емі . Жыланкөздердің емі киын болады және науқастан да , дәрігерден де көп шыдамдылықты қажет етеді. Емдеу шаралары кешенді болады және жыланкөздердің даму кезеңі мен түріне байланысты әрбір науқасқа жеке - дара жүргізіледі . . Жыланкөзі бар науқастарды емдеу 3 негізгі фактордан құралады : жергілікті емдеу әдістерінен ;
жалпы емдеу әдістерінен ;
жыланкөзді жоюға бағытталған оперативті емдеу әдістерінен .
Достарыңызбен бөлісу: |