Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет28/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Жергілікті емдеу әдістері :
іріңді жараны емдеу ;
жыланкөздің бөліністерінен коршаған тіндерді қорғау ;
сұйықтықтардың жоғалуын тоқтату немесе азайту . Жыланкөзі бар іріңді жараларды емдеу қағидалары инфицирленген жараларды емдеу тәсілдеріне ұксас жүргізіледі . Жаралык үрдістің мерзімі мен кезеңіне байланысты жараны гипертониялык ерітіндімен , антисептиктермен , протеолиттік ферменттермен , әртүрлі майлармен және эмульсиялармен таңады . Бөлінетін заттардың әсерінен теріні қорғау - хирургтың ең бірінші міндеті болып табылады . Терінің өзгерістерін емдеу және алдын - алу шаралары физикалык , биохимиялық және механикалық тәсілдермен жүзеге асырылады . Теріні қорғаудың физикалық әдістеріне әртүрлі майларды , пасталарды , ұнтактарды пайдалану жатады , олар бөліністердің бірін, зәр , өт , ішек пен асқазан сұйықтығы , т.б. ) терімен жанасуына кедергі жасап , адсорбциялайды . Бұл мақсатпен көбінесе Лассар пастасы , БФ - 2 , БФ - 6 желімдері , полимер пленка және силиконды паста қолданылады . Теріні қорғаудың биохимиялық әдістері – ферменттердің ингибиторлары , шикі ет , жұмыртқа ақуызы , сүт және т.б. жыланкөз бөліністерін бейтараптандыру үшін пайдаланылады . Теріні қорғаудың механикалық әдістері жыланкөзден бөліністердің шы ғуын төмендетуге немесе оларды толық жоюға бағытталады . Бөліністердің шығуының алдын - алу үшін , әртүрлі пелоттар , обтураторлар , обтурациялық қақпақтар мен таңғыштар және арнайы аспаптар қолданылады . Жыланкөзді бітеу уақытша және тұрақты болуы мүмкін . Уақытша обтурация науқасты радикальді операцияға дайындауға қажетті уақытқа ғана жүргізіледі . Тұрақты обтурация науқастарға өмір бойы қойылады . Мысалы : сигмостома кезінде обтуратор ішекті газ бен нәжістен босату қажеттігі ғана алынады . Грануляциялық жыланкөздер негізгі себепті жойғаннан кейін ( лигатураны , сүйек секвестрін алып тастағанда немесе бөліністердің - өт , зәр , нәжіс және т.б. шығуын тоқтатқанда), өздігінен жабылып жазылуы мүмкін . Эпителиальді және ерінді жыланкөздер тек оперативті емді қажет етеді – жыланкөзді толық кесіп алу , ағзадағы тесікті тігіс салып жабу , ағзаның резекциясын жасау және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет