Пельвиоректальді парапроктитті анықтау қиынға соғады. Бұл кезде қабыну үрдісі жоғары, жамбас ішастарының жанында орналасады. Ауру бұтаралықта қабыну үрдісі байқалмай дамиды. Өте сирек жағдайларда ірің жамбас ішастарын тесіп құрсақ қуысына жайылуы мүмкін.
Ретроректальді парапроктит инфекцияның лимфа түйіндеріне өтуі- нің нәтижесінде дамиды. Іріңдік алдымен тік ішектің артындағы шелде орналасады, содан кейін ишиоректальді шелге өтіп, флегмонозды қабынуды тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, парапроктиттің жыланкөзді түрлері кездеседі. Олар сыртқы толық емес және ішкі толық жыланкөз болып бөлінеді.