Лейкоцитарлық масса
Лейкоцитарлық масса құрамында көп мөлшерде лейкоциттер мен эритроциттер, тромбоциттер және плазмасы бар ортадан тұрады. Препаратты тұндыру және центрифугалау жолымен алады. Флакондарда немесе пластикалық қапшықтарда, 4-6 С температурада 24 сағаттан асырмай сақтайды, жана дайындалған лейкоцитарлық массаны жалпылама құяды. Құятын кезде донордың немесе реципиенттін топтық, резус сәйкестігін, қажет болған жағдайда – HLA антигені бойынша сәйкестігін есепке алу қажет.
Қан плазмасы
Қан плазмасын, сұйығын бүтін қаннан тұндыру немесе центрифугалау жолымен алады. Плазманын құрамында нәруыздар, көп мөлшерде биологиялық белсенді компоненттер болады. Оны алғаннан кейін бірден пайдаланады. Ұзақ уақыт сақтау қажеттігі туғанда, мұздатуды немесе құрғатуды қолданады. Флакондарда немесе пластикалық қапшықтарда 50- 250 млден шығарады. Плазманы құға жарамсыздығынын белгілеріне: онда көлемді ұйындылардың, тұнбалардың пайда болуы жағымсыз иіс т.б жатады. Плазманы АҚК тапшылығындағы жоғалтылған плазма орнын толтыру мақсатында, шокта, қан кетуді тоқтату үшін кешенді парентераль қоректендіруде қолданады. Трансфузияға көрсеткіш, қан жоғалту, плазманын трансфузиясына бүтін қанды, шок, күйік ауруы, гемофилия, ауыр ірінді қабыну аурулары, перитонит, сепсис жатады. Плазманын трансфузиясына қарсы көрсеткіш ауыр аллергиялық аурулар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |