Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Күйіктік шок. Күйік шок барысының және емдеудің ерешелектері



бет6/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Күйіктік шок. Күйік шок барысының және емдеудің ерешелектері.

Шок - жіті басталушы, үдемелі тіршілікті камтамасыз ететін жүйелердің айналымның жедел жеткіліксіздігімен, тіндердің микроциркуляциянын және гипоксиясымен сипатталатын организмнің шекті жеткіліксіздігімен, кан межелік жағдайы. Шок кезінде жүрек - қантамыр жүйесінің, тыныс алу, бүйректердiн кызметі өзгереді , микроциркуляция және метаболизм үдерістері бұзылады . Шок - полиэтиологиялық ауру . Келіп шығу себебіне байланысты оның келесі түрлерін ажыратады .
• Жарақаттык шок : механикалық жарақат нәтижесінде (жаралар, сүйектер сынығы , тіндердің жаншылуы т.б.) ; - күйік шоты (термиялық және химиялык күйіктер); төмен температураның әсер етуінен — суық шогы: - электр жаракаты нәтижесінде – электрлік шок .
• Геморрагиялық немесе гиповолемиялық шок: — қан кету, жедел қан жоғалту: - су тепе - теңдігінің жедел бұзылысы - организмнін сусыздануы .
• Септикалық (бактериялды - токсикалық) шок (грамтеріс немесе грамон ми крофлорамен шақырылған жайылған іріңді үдерістер ).
• Анафилактикалык шок .
• Кардиогенді шок ( миокард инфаркты , жедел жүрек жеткіліксіздігі) .
Жарақаттық шоктың дамуында негізгі патогенетикалык момент ауырсыну факторы болып есептеледі және микроциркуляцияның бұзылысымен және тіндердің гипоксиясымен жедел кантамыр жеткіліксіздігіне әкелетін кан жоғалту плазма жоғалту).
Күйік шогының дамуында ауырсыну факторы және көлемді плазма жоғалту негізгі роль атқарады. Күйік шогының ерекшелігі - эректилді фазаның айқындылығы, ағымының ұзақтығы және олигурия мен ануриянын тез дамуы. Күйік шогының патогенезінің ерекшелігі патогенетикалық фактор), күйік аймағында вазобелсенді заттардын (гиста - плазма жоғалту (жетекші мин, серотониннің) жиналуы салдарынан микроциркуляцияның бұзылысы , қанның ұюы. Күйік шогының ерекше белгілері – эректильді фазасының айқындылығы, ағымының ұзақтығы, олигурияның болуы. Шок өзіндік клиникалық көрінісімен сипатталады: жарақаттан кейінгі бастапқы сағаттарда науқас қозулы, өзінің жағдайын дұрыс бағаламайды, содан сон козу теже лумен және адинамиямен алмасады, гиповолемия дамиды, онын дәрежесі күйіктің ауырлығына және плазма жоғалтуға байланысты . Терендеу күйіктер кезінде АҚК плазма жоғалтудан және қанның қорға жиналуынан да онын гемолизінің салдарынан да азаяды. Күйік шогының клиникалық көрінісінде тері жамылғысының бозғылттығы, несеп бөлінуінің анурияға дейін азаюы , шөлдеу, жүрек айну ТӘН . АҚ өзгеруі күйік шогының тек ауыр дәрежелерінде пайда болады, оның деңгейінің қалыпты болуы қолайлы болжамнын көрсеткішіне жатпайды, сондықтан күйік шогы кезінде гемодинамиканын ерекшелігімен байланысты. Күйік шогының ұзақтығы 2 - ден 72 сағатты құрайды және гемодинамикалық бұзылыстың дәрежесіне байланысты. Гемодинамиканың тұрақтануымен күйік ауруының келесі кезені басталады.
Күйіктік шоктың емі жарақаттық шоктың еміне ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері болады . Үлкен көлемді күйіктердің алғашқы сағаттарында ақ плазманың мөлшері 25-33 % -ға азаяды , қан қоюланады . ЦҚК -ің азаюы мен қанның гемолизінің салдарынан тіндердің гипоксиясы үдей түседі. Сондықтан, оксигенотерапияны қарқынды жүргізу қажет, сұйықтықтарды, қанның бөлшектерін және плазма алмастырушы ерітінділерді көп мөлшерде құю керек. Шокқа қарсы емнің тағы бір маңызды ерекшелігі – науқасты толык, жеткілікті етіп жансыздандыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет