Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жабық зақымданулар. Травматикалық улану (ҰКС), патогенез, клиникасы, диагностикасы және емі



бет3/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Жабық зақымданулар. Травматикалық улану (ҰКС), патогенез, клиникасы, диагностикасы және емі.

Жабық жарақат тері мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуынсыз болатын , ағза мен тіндердің зақымдалуы . Оған соғылу , созылу , жыртылу , шайқалу және қысылу жатады. Жұмсақ тіндердің жабық зақымдары : соғылу , шайқалу , қысылу , созылу , жыртылу .
Соғылу – contusio жұмсақ тіндердің және ағзалардың анатомиялық бүтіндігінің бұзылуынсыз механикалық зақымдалынуы. Соғылу , әдетте құлап түсуден немесе аз кинетикалық энергиясы бар (таспен , бұйым бөлшектерімен, аспаппен т.б.) тұйық заттың соғылған соққысының нәтижесінде пайда болады. Жұмсақ тіндердің соғылуы, соғылған жаралар кезінде жеке немесе тұйық затпен соғылған сынумен бір уақытта болуы мүмкін . Барлығынан жиірек қол - аяқтың және бастың сыртқы ( беткі ) соғылулар кездеседі , олар кеуденің , іштің ішкі ағзаларының, үлкен мидың соғылуымен және баска зақымданулармен (шайқалумен , жарылумен) кабаттасуы мүмкін . Соғылудың клиникалық көрінісі , ауырсыну, ісінгендік , кан құйылу , қызметінің бұзылуы болып табылады . Ауырсыну — соғылудың бірінші симптомы , жарақаттан алған уақытта және айтарлықтай болып бірден пайда болады . Әсіресе , сүйек үсті қабығының соғылуында қатты ауырсыну болады. Содан соң біраз азайып, жарақаттанудан 1-3 сағат өткеннен кейін қайталанады немесе айтарлықтай күшейеді. Ауырсыну сипатының өзгеруі, оның қарқындылығының жоғарылауы жарақаттық ісінудің, қан құйылудың (тіндердің қанмен сіңдірілуі) күшеюімен немесе гематоманың өршуімен байланысты. Қол - аяқтың соғылуында буындардағы қозғалыс басында сақталады ал қан құйылудың және ісінудің өршу барысында мүмкін болмай қалады, әсіресе rемартрозда. Жаншылу кезіндегі қызметінін осындай бұзылысы белсенді және енжар қозғалыстың жаракаттан кейін бірден мүмкін болмай калатын сыныктан және шығудан ерекшеленеді . Соғылу аймағында ісінгендік тез пайда болады . Қараған кезде ол сау тіндерге нақты шекарасыз ететін , ауру сезімді тығыздану түрінде болады . Пальпацияда қаттырақ ауру сезімі , сүйек үсті кабығының жаншылуынша, сүйек үсті қабығы астылык гематоманың түзілуінде байқалады. Ісінгендік әдетте, жаракаттан кейінгі бастапқы сағаттарда немесе тәулікте өршиді , бұл жаракаттық ісінудің және кабынулық өзгерістердің дамуымен байланысты . Соғылуға канталаудың дамуы тән , бұл терінің және тері асты шел май кабатының құйылған қанды сіндіріп алуымен байланысты . Канталаудың пайда болу уакыты кан құйылудың тереңдігіне байланысты . Терінің және тері асты шел май кабатының соғылуы кезінде ол бастапқы ми нуттарда немесе сағаттарда бірден, ал бұлшық еттердін , сүйек үсті қабығынын соғылуы кезінде — 2-3 тәулікте, кейде соғылу орнынан алшак жерден көрінеді . Кеш канталаулардың көрінуі, әсіресе соғылу орнынан алшақ жерден көрінуі қауіпті симптом болып есептеліп , қосымша зерттеулерді талап етеді ( мысалы , рентгенологиялық - сүйек сынығын немесе жарылуын жокка шығару үшін ) . Мысал ретінде көзілдірік симптомын келтіруге болады — бастың соғылуынан кейін бірнеше сағаттарда немесе тіпті 2 - ші тәуліктен кейін көрінетін , көз ұясы аймағындағы канталаулар . Бұл симптомнын көрінуі , бассүйек жарақатының оның негізінің сынуының қатерлі белгісі болып табылады . Қанталаудың түсі гемоглобиннің ыдырауының салдарынан белгілі бір өзгеріске ұшырайды . Жаңа канталау қызыл - күлгін түсте , 5-6 күннен кейін жа сыл , содан кейін сары болып қалады. Қанталаудың түсі бойынша жаракаттын мерзімін айтуға болады . Қол - аяғы жаншылған наукасты тексерген кезде шеткері артериялардың тамыр соғысын анықтау , екі қол - аяқтың терiлiк температурасын салыстыру, шеткері аймақтардың сезімталдығын зерттеу қажет, себебі жаншылу кезінде қантамыр - нерв шоғырының зақымдануымен немесе гематомамен басылуы қабаттасуы мүмкін. Сүйектің зақымдануына (сыну, шытынау) күдіктенгенде, рентгенологиялық зерттеу қажет. Көмек көрсеткен кезде қол - аяқтың соғылған жеріне қысып тұрушы таңғыш салу керек . Бастапқы тәуліктер бойына қан құйылуды азайту үшін жаншылу орнына мұз қапшығын қояды , әрбір 2 сағат сайын 30-40 минут үзіліс жасайды . Гемартрозбен кабаттасатын қол - аяқтың соғылуы кезінде қол аяққа тыныштық орнату үшін ( жоғарылаткан калып ) буынға кысып тұрушы танғыш салады. 2-3 - ші тәулігінде қан құйылудың сорылуын жылдамдату үшін жылулық ем шараларды қолданады - грелка , соллюкс . Үлкен гематома ларды 5-7 күннен кейін пункциялайды , канды алып тастап , қысып тұрушы таңғыш салады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет