Созылу және жыртылу - Байламлардын , сіңірлердін , бұлшық еттердің серпімділігінің дәрежесінен асып түсетін күрт және кездейсок күшті қимыл кезінде , бірақ олардың анатомиялык тосқауылына ауысып , тіндердің анатомиялык бүтіндігінің бұзылуында жыртылу ( гирига ) болады . Көбінесе тізен - табан буыны ( аяк ұшының бұралуы кезінде ) , сирек - тізе буынынын байламдарының созылуы кездеседі. Созылудың клиникалык көрінісі тіндердің жаншылуына ұксас : жергілікті ауру сезімі, ісінгендік. тіндердің ісінуі , буындағы қозғалыс кезінде ауырсыну. Емі — тыныштық, кысып тұрушы танғыш, бастапқы тәуліктерде суық басу, содан сон кан құйылудың сорылуы үшін жылулык емшаралар. Жарақаттан кейін бірден трихлорэтиленмен мұздатуды пайдаланады, препараттың ерітіндісін ампуладан ауру сезімді аймакка сорғалатып бағыттайды . Мұнымен ауырсыну басылады, қан құйылу және тіндердің ісінуі азаяды . Бұлшық еттердің жыртылуы олардың шамадан тыс жүктемесінде пайда болады . Көбінесе иықтың екібасты бұлшық еті , санның төртбасты бұлшық еті және балтырдың үшбасты бұлшық еті жиі зақымданады . Клиникалық көрінісі өте анык : жыртылған кезде науқас қатты ауру сезімін сезеді ( электрлік токтың соққысындай) , бұлшық еттің қызметтері толығымен жойылады. Жыртылу ор нында ойық және гематома анықталады . Бұлшық еттің жартылай жыртылуы кезінде бұлшық етке толық босаңсу қалпын беріп , қол - аяқты гипстік лангетамен иммобилизациялайды : екі ба сты бұлшық еттің жыртылуы кезінде, қолды шынтақ буынында тік бұрыш жасап бүгілген қалпында иммобилизациялайды , санның төртбасты бұлшық етінің жыртылуы кезінде аяқтың тіке жаздырылған қалпында лангета сала ды, балтырдың үш басты бұлшық етінің жыртылуы кезінде аяқ тізе буынын да бүгілген болуы қажет . Иммобилизация 2-3 аптаға созылады , содан соң укалауды, емдік дене шынықтыруды қолданады. Бұлшық еттің толық жыртылуында емі тек оперативті: бұлшық етті тігумен қол - аякты операциядан кейін 2-3 аптаға иммобилизациялайды . Сіңірлердің жыртылуы ауырсынумен және буындардың қызметінің бұзылуымен кабаттасады. Көбінесе қол ұшынын және саусақтар сіңірлерінін , өкшелік сіңірдің , иықтың екібасты бұлшық етінің ұзын басы сіңірінің жыр тылуы кездеседі . Сіңірлердің жыртылуы кезінде науқастар ауырсынуды сезеді , буынның қызметі бұзылады (бүгілу және жазылу зақымданған сіңірге байланысты). Караған кезде ісінгендік , жыртылған сіңір орнында ауырсыну анықталады . Емі оперативті : сінірді тігу.
Жарақаттық токсикоз ( ұзақ мерзімдік қысылу синдромы , краш - синдромы ) — қол - аяқтың жұмсақ тіндерінің ұзақ уақыт қысылып қалуына байланысты өзіндік патологиялық жағдай , оның негізінде , бұлшық еттердің ишемиялық некрозы , некроздың ыдырау өнімдерінен интоксикациямен бауыр - бүйректік жетіспеушіліктің дамуы жатыр . Синдром қол - аяқты кысылудан босатканнан кейін , зардап шегушіні бұзылған ғимараттың сыныктарынын , үймелердің астынан алып шыкканда пайда болады. Синдромның дамуында келесі патогенетикалық факторлар роль ойнайды:
• ауырсыну тітіркендіргіші ;
• тіндердін ыдырау өнімдерінің қанға сіңуі салдарынан жарақаттық токсемия;
• плазма және қан жоғалту .
Жарақаттык токсикоздың ағымында үш кезеңді ажыратады:
І – ісінудің өршу және 1-3 күнге созылатын қантамырлық жетіспеушіліктің кезені;
ІІ – 3 - ші күннен 9-12 күнге созылатын жедел бүйрек жетіспеушілігінің кезеңі :
II - сауығу кезеңі .
І кезеңде қол - аякты кысылудан босатқаннан кейін зардап шегуші бірден қол - аяктан ауырсынуды және қозғалудың мүмкін еместігін , әлсіздікті , жүрек айнуын сезеді . Олардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық бо луы мүмкін , тері жамылғылары бозғылт , шамалы тахикардия байқалады , АҚ калыпты деңгейде болады . Алайда қысылған аяқтың ісінуі бірнеше сағаттар ішінде тез өршиді , онымен бір уақытта тамыр соғысы жиілейді , АҚ төмендейді , дене қызуы жоғарылайды , тері жамылғылары бозғылттанады , науқас айкын әлсіздікті сезеді , яғни шоктың клиникалық көрінісі дами ды . Зардап шегушіні сынықтардың астынан шығарып алғаннан кейін қол аякты караған кезде , оның бозғылттығы , көптеген жырылулар , қанталаулар байқалады . Қол - аяқтың ісінуі тез өршиді , оның көлемі айтарлықтай ұлғаяды , тері біркелкі емес қошқыл - көкшіл өңге айналады , онда қан құйылулар , серозды немесе ішінде серозды - геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктер көрінеді . Пальпацияда ағаш тәрізді тығыздықтағы тіндер анықталады , саусақпен теріге басқан кезде шұңқырша қалмайды . Буында қозғалыс мүмкін емес , оған талпыныс жасау күрт ауру сезімін шақырады . шеткері артериялардағы ( қол - аяқтардың дистальды бөлімдеріндегі ) тамыр соғысы аныкталмайды , сезімталдықтың барлық түрі жоғалған . Несеп мөлшері өте тез , кейде 50—70 мл / тәу . дейін бірден азаяды . Несеп лакты - қызыл , содан соң көп мөлшерде нәруызы бар ( 600–1200 мг / л ) қоңыр - қызыл түске айна лады . Несептің тұнбасын микроскоптан қараған кезде , көп эритроциттерді , сонымен қатар , миоглобиннен тұратын өзекшелердің шоғыры табылады. Каннын ұйығыштығы байқалады — гемоглобин, эритроциттер мөлшерінің жоғарылауы , гематокрит саны жоғарылайды , азотемия үдейді . Аурудың жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезеңіне ауысуы қан айналымнын калпына келуімен және бүйректік жетіспеушіліктің үдеуімен сипатталады . Бұл кезенде ауырсыну азаяды , AK қалыпты болып , шамалы тахикардия қалады - тамыр соғысы дене қызуына сәйкес - 37.3-37,5 ° С . Қан айналымның жақсаруына қарамастан бүйрек жеткіліксіздігі үдейді , анурияға ауысатын оли урия өршиді, кандағы несеп қышқылынын , креатининнің деңгейі жоғары Тіндердің көлемді зақымдануы кезіндегі ем тиімсіз болуы мүмкін , мұндай жағдайда науқастың өліміне әкелетін , 5-7 - ші күндері уремия дамиды . Аурудың қолайлы ағымында және жүргізілген емнің тиімділігінде сауығу кезені басталады . Науқастардың жалпы жағдайы жаксаралы , азотемия аза яды , несеп мөлшері жоғарылайды , ондағы цилиндрлер және эритроциттер жоғарылайды . Жалпы жағдайының жақсаруы барысында қол - аяқта ауырсыну пайда болады ( ол айқын , күйдірген сипатта болуы мүмкін ) , қол - аяқтың ісінуі аза яды , сезімталдық қалпына келеді . Закымданған қол - аякты караған кезде терінің көлемді некрозды аймағы анықталады , жараға бозғылт - сұр түстегі некрозданған бұлшық еттер шығып тұрады , олар ұсақталып ажыралуы мүмкін , бұлшық еттер атрофиясы және буындардағы тығыз қозғалыстығы өршиді . Емі Қол - аяқтың қысылудан босағаннан кейін бірден наукаска тримепере дин , морфин енгізеді , қол - аяқты серпімді бинтпен немесе карапайым бинт пен қатты орайды , оған тасымалдық шинаны салады. Жүрек - қантамырлық жетіспеушіліктің белгілері басталғанда , тасымалдау алдында науқасқа эфедрин , норэпинефрин , шокқа қарсы каналмастырушы сұйықтықтарды (ор . мол . масса 50 000—70 000 ) енгізеді . Оны стационарға жеткізгеннен кейін емді аурудың даму кезеңі бойынша жүргізеді . Шокқа қарсы және дезинтоксикациялык терапияны бірден бастайды . Вена ішіне шокқа қарсы каналмастырушы ерітінділерді , альбумин ерітіндісін , плазманы, натрий гидрокарбонатының ерітіндісін енгізеді . Тәулік бойына енгізетін сұйықтықтың жалпы мөлшері 3000-4000 мл құрау керек ( диурездің есебімен анықтау ). Науқастың ауруханаға түскен кезінде қол - аяққа циркулярлы прокаинды бөгетті жасайды және оған мұзды қапшықтарды қояды . Мұзды қапшықтарды қолдануды 2-3 күнге дейін жалғастырады , әрбір 1,5-2 сағ . сайын алып тастап отырады . Кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді тағайындайды . Науқасты үнемі бақылауда ұстайды ( АҚ өлшеу , тамыр соғысын , сағат сайынғы диурезді Шокка қарсы және дезинтоксикациялык терапияны 1 - кезеңде іске асы рады . Бүйрек жетіспеушілігінің өршуінде және диурездің төмендеуінде зақымданған тіндерді кеңірек кеседі . Аурудың ІІ кезеңіндегі науқастың шок жағдайынан шығуында , бүйрек жетіспеушілігімен күресу үшін гемодиализді ( жасанды бүйректі ) пайдаланады . ІІІ кезеңде іріңді жаралардың , некроздардын , гангренаның емін жалпы ереже бойынша жүргізеді . Жарақаттық токсикоздың ауыр жағдайларындағы науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда қол - аяктын ампутациясын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |