Бүйректің агенезиясы – бүйрек паренхимасының дамымай қалуы .
Бүйректің аплазиясы – бүйрек паренхимасының жетілмеуінің ауыр түрімен сипатталады, түбек пен бүйрек аяқшалары болмайды.
Қосымша бүйрек . Көлемі бойынша қосымша бүйрек қалыптыдан кішілеу болады , бірақ қалыпты анатомиялық құрылысы сақталады.
Бүйректің гипоплазиясы. Бүйректің көлемінің кішіреюімен және оның қызметінің төмендеуімен сипатталады, бірақ құрылысы қалыпты болады.
Таға тәрізді бүйрек . Бұл ақауда бүйректің жоғарғы және төменгі полюс тары бір - бірімен жабысып өседі де, бүйрек таға тәрізді пішінге ие болады .
Достарыңызбен бөлісу: |