Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Операция алдындағы кезеңнің негізгі мақсаты -



бет40/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Операция алдындағы кезеңнің негізгі мақсаты - операция кезінде және содан кейін, мүмкін болатын асқынулардың дамуқаупін азайтуболып табылады. Операция алдындағы кезең диагноз қойылғаннан кейін, операция жасау керектігі анықталғаннан соң және оны орындау қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде басталады. Ол екі кезеңге бөлінеді:

  • диагностикалык

  • дайындық

Нақты диагноздың қойылуы, хирургтың операция кезінде тап болуы мүмкін қиындықтарды ажыратып білуіне септігін тигізеді. Диагнозды дұрыс қою, операцияның қандай кезекпен жасалу керектігін анықтауға көмектеседі (шұғыл, жылдам, кейін қалдырылған, жоспарлы). Диагностикалық кезеңнің екінші міндеті - дененің негізгі ағзалары мен жүйелерінің жалпы жағдайын анықтау болып табылады. Ол науқастан шағымын анықтау, сұрап білу арқылы, оны физикалық тексеруден өткізу барысында анықталады (қанның жалпы және биохимиялық талдауы; несептің жалпы талдауы; кеуденің флюорографиясы; ЭКГ; терапевттің және стоматологтың, ал әйелдерге, сонымен қатар, гинекологтың кеңесі). Осылай қосымша аурулар немесе лабароторлық зерттеу нәтижелерінің ауытқулары анықталады. Операция жасаудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері абсолютті немесе өмірлік көрсеткіштер - бұл науқастың өміріне қауіп төндіретін аурулар және олар тек хирургиялық жолмен жойылады. Оларға қансырау, асфиксия, құрсақ қуысы ағзаларының жедел аурулары, іріңді аурулар жатады. Жоспарлы операцияның абсолютті көрсеткішіне қатерлі ісіктер, механикалық сарғаю және т.б. жатады. Салыстырмалы көрсеткіштер - бұл науқастың өміріне қауіп төндірмейтін аурулар, бірақ олар тек хирургиялық жолмен жазылады. Салыстырмалы көрсеткіші бар жоспарлы операцияларды оптимальді жағдайларды сақтап жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет