Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Остеомиелиттің алғашқы-созылмалы түрлеріне келер болсам



бет48/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Остеомиелиттің алғашқы-созылмалы түрлеріне келер болсам:


  1. Сүйек ішілік Броди абсцесі



  1. Гарренің склероздаушы остеомиелиті



  1. Олльенің альбуминозды остеомиелиті


Сүйек ішілік Броди абсцесі - сүйектің кеуекті затының шектелген некрозы, соңынан оның ыдырауымен куыстың түзілуі. Соңғысы іріңмен, серозбен немесе қанаралас сұйықтықпен толған, кейде одан тіндік детритті табады. Көп жағдайда қоздырғышы стафилококк болып табылады. Процес көбінесе үлкен асықты жіліктің проксималды бөлігінде орналасады. Остеомиелиттің бұл түрінің патогенезі, вируленттігі төмен инфекциямен және организм реактивтілігінің төмендігімен байланысты. Аурудың клиникалық көрінісі алуан түрлі. Сүйекті басқан кезде, шектелген сезімталдық байқалады, алайда, жиі ошақтар ешнәрсемен көрінбейді, ауы- рсыну тек мерзіммен - түнде, физикалық жүктемеден кейін, ауа райының өзгеруі кезінде пайда болады. Дене қызуының жоғарылауы, қалтырау және басқа жалпы симптомдар, әдетте болмайды. Алайда, кезеңмен өршитін формалары, дене қызуының жоғарылауымен, терінің қызаруымен, басқандағы және қозғалыс кезіндегі ауырсынумен кездеседі. Процес жылдарға созылуы мүмкін, өршу кезеңі уақытшалық ре- миссиямен ауысады. Қарап тексерудің әдетте тиімділігі аз, айқынырақ жағдайларда метафиз аймағынан жуандаған жерін, жиі буындағы реактивті көріністерді табады. Рентгендік түсірілімдерде, метафиздің кеуекті затындағы дөңгелек немесе сопақша формалы, тар немесе кең жиекті склероз аймағымен айқын қоршалған, диаметрі 2-2,5 см қуыстарды, сүйектің бетінде жиі нәзік периосталды жабындыларды көруге болады. Абсцестің емінің негізгі әдісі хирургиялық. Қуыстың трепанациясын жүргізеді, ішкі қабырғасын қырып тазартады. Жараны мықтап тігіп тастайды. Үлкен куыстарға бұлшық ет пластикасын қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет