Ауыр металл тұздары
Сулема - 1:1000 ара-қатынасындай концентрацияда қолғаптарды, аспап- тарды, жібек жібін залалсыздандыру барысында кезеңдердің бірі ретінде қолданылады.
Сынап оксицианиді - дезинфекциялық зат.
Күміс нитраты - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,1-2% ерітіндісі көздің конъюктивасын, шырышты қабаттарды жуу үшін қолданылады. 5-20% ерітінділері күйдіргіш әсер көрсетеді.
Спирттер
Этил спирті - дезинфекциялық (тігіс жіптерін залалсыздандыру, құрал- саймандарды өңдеу үшін) және сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат ретінде хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараларды өңдеуде, компресс салғанда қолданылады. 70° спирт - антисептикалық, ал 96° - антисептикалық және теріні құрғатып бітеу әсерлерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |