эндоскопиялық тексерулер қажет болған кезде (гастроскопия, бронхоскопия, цистоскопия);
ауыз бен мұрын қуысының кілегей қабықтарының шағын хирургиясы.
Терминальдық анестезия үшін новокаиннің 1-4%-дық, лидокаиннің 5%-дық, дикаиннің 3%-дық ерітінділерін пайдаланады.
Инфильтрациялық анестезия. Анестезияның бұл түрі терминальдық анестезияға қарағанда жиі қолданылады. Бұл анестезия үлкен емес, аса жарақатты емес операциялар кезінде пайдаланылады.
Инфильтрациялық анестезияны іріңдіктер хирургиясында (асептика ережелері бузылады) және онкологияда (абластика ережелері бұзылады) қолдануға болмайды.