Патоморфологиясы.Эхинококк дернәсілді сатысында киста ( ларвоцист ) түрінде болады,оның диаметрі 50 см немесе одан да үлкен болуы мүмкін.Оның құрылысы күрделі:сыртқы (кутикулярлы)қабығы тығыз,қабатталған,ашық - сұр түсті болады және хитинді қабық деп аталады.Оның ішкі беті ұрықты қабатпен тысталған - герминативті қабық болып табылады .Герминативті қабықтың сыртқы қабаты кутикулярлы қабыққа еніп өседі ,ал ішкісі жетіліп , протосколекстердің дамуына себепші болады.
Клиникалық ағымына қарай:
асқынған
асқынбаған эхинококкоз деп бөлінеді.
Асқынған түріне:біріншіден эхинококк кистасында болатын өліеттенуі , іріңдеуі , тесілуі;екіншіден басқа ағзалар мен бүкіл денеде байқалатын бұзылыстар — жыланкөздің,сепсистің,бүйрек амилоидозының, ішектің түйілуінің, сарғаюдың,портальді гипертензияның өзгерістер дамуы жатады .
Диагностикасы.Эпидемиологиялық анамнез жиналады,сезімтал иммунды - аллергиялық сынамалар (Кацони және латекс - агглютинация реакциялары ),УДЗ , радиоизотопты сканирлеу , рентгенологиялық зерттеу әдістері , КТ , ангиография жүргізіледі .
Достарыңызбен бөлісу: |