Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Билет № 26 1. Нейролептанальгезия. Өткізу көрсетімдері және тәсілдері



бет114/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Билет № 26
1. Нейролептанальгезия. Өткізу көрсетімдері және тәсілдері.
26. Жаралар. Анықтамасы. Жіктелуі, клиникасы. Қазіргі заманда қолданатын іріңді жаралардың ем принциптері.
Жауабы.

  1. Нейролептанальгезия. Өткізу көрсетімдері және тәсілдері

Анестезияның 2 түрін ажыратады : жалпы және жергілікті . Жалпы жансыздандыру немесе наркоз есінің , сезімталдықтың , бұлшықет тонусының және кейбір рефлекс түрлерінің жоғалуымен қатар жүретін , жасанды жүргізілген ОНЖ - ің қайтымды тежелуі . Наркоз ағзаға фармакологиялық дәрілерді енгізгенде дамиды . Сонымен қатар , оны электр тоғымен де жүзеге асыруға болады . НАРКОЗДЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Наркоз жағдайында бас миының тежелуі байқалады . Ол төменгі бөлімдерге және жұлынға тарайды
НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Наркотикалық заттарды енгізу жолына қарай , наркоздың мынадай түрлерін ажыратады : Ингаляциялық наркоз наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді ;
Ингаляциялық емес наркоз наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді : веналық , ректальді , бұлшықеттік және т.б.
Қолданылатын заттардың саны бойынша :
мононаркоз - бір зат қолданылады ;
аралас наркоз – бір мезгілде екі немесе одан да көп зат қолданылады ;
қосарланған ( комбинирленген ) — операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа заттармен қосып енгізу ( миорелоксанттар , анальгетиктер , ганглиоблокаторлар ) .
Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады :
енгізу наркозы – аз уақыт әсер етеді , әсері тез басталады , қозу сатысы болмайды ;
демеуші ( негізгі ) наркоз — операция жасау барысында қолданылады ;
базисті наркоз немесе базис - наркоз беткейлі наркоз , негізгі наркоз бен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі , ол негізгі наркотикалық заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады .
Нейролептанальгезия ( НЛА ) веналық анестезия әдісі . Ол күшті нейролептикті ( дроперидолды ) және наркотикалық анальгетикті ( фентанилды ) қосып қолдануға негізделген . Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады , хирургиялық агрессияға реакциясы төмендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлылық пайда болады .
Веналық анестезия вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды ен гізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады . Негізгі артықшылығы техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады . Веналық наркозды жүргізу үшін , қолданылатын заттар : қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары гексенал және тиопентал натрий ; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик пропанидид ( сомбревин , эпонтол ) ; гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик виадрил ; мидың мета болитінің аналогы гамма - аминомайқышқылы натрий оксибутираты ( ГОМК ) . Сонымен қатар , кетамин ( калипсол , кеталар ) және диприван анестетиктерін де пайдаланады .
2.ЖАРАЛАР
Жара ( vulnus ) деп - терінің , шырышты қабықтардың немесе терең жаткан тіндердің және ішкі ағзалардың сыртқы қабаттармен қоса механикалык зақымдалуын айтады . Жара - бұл ашық жаракат . Жараларды зерттейтін ғылымды вульнерология деп атайды . Жаралар туралы ілім хирургияның теориялық негізін құрайды . Олар жарақаттардың кең таралған түрі болып табылады
Жаралардың жіктелуі
1. Жарақатқа байланысты жаралар операциялық және кездейсоқ болып жіктеледі . Арнайы себептерге шайқастан болған жараларды жатқызады .
2. Зақымдалу түріне байланысты – жаралар кесілген , тесілген , шабыл ған , соғылған , жаншылған , жыртылған , тістелген , уланған , атылған ( оқ тиген ) және аралас болып бөлінеді .
3. Инфицирлену дәрежесіне байланысты - олар асептикалык ( тек қана операциялық ) , инфицирленген ( барлық кездейсоқ жаралар ) және іріңді жара лар ( қабынған жаралар ) болып жіктеледі .
4. Жанында орналасқан ішкі қуыстарға қатысына байланысты тін және енбейтін болып бөлінеді .
5. Әсер етуші факторларға байланысты – жаралардың асқынған және асқынбаған түрлерін ажыратады . Асқынбаған жарада тек механикалық зақым ғана болса , ал асқынған жараларда механикалық жарақатпен бірге , басқа да қосымша факторлардың әсері қосылады : удың , улы және радиоактивті заттардың , инфекцияның , күйік пен үсіктің әсері .
Жаралардың ерте және кеш асқынуларын ажыратады .
Ерте дамитын асқынулары : шок , кансырау , жедел кан жоғалту , анемия .
Кеш пайда болатын асқынулары : іріңдеу , екіншілік кеш кансырау , жалпы іріңді инфекция – сепсис , анаэробты инфекция , сіреспе .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет