Жергілікті анестетиктер химиялық құрылысына байланысты 2 топқа бөлінеді:
Амин қышқылдарының амин спирттерімен қүрайтын күрделі эфирлері: кокаин, дикаин, новокаин;
Ксилидин қатарының амидтері: лидокаин, тримекаин, пиромекаин, маркаин.
Жергілікті анестетиктердің әсер ету механизмі мынадай: анестетиктердің молекулалары өзінің липоидотроптығына байланысты нерв талшықтарының жарғақтарында шоғырланып, натрий өзекшелерінің қызметін тежеу арқылы әсер ету потенциалының тарауына кедергі жасайды.
Жергілікті анестезияны қолдануға көрсеткіштер мен оған қайшылықтар
Жергілікті анестезияны әлсіз, арыған науқастар мен қарттарға, егде тартқан, тыныс, жүрек-қантамыр шамасыздығымен ауыратын науқастарға, яғни, заманауи жалпы анестезияны пайдалану қауіпті болған кезде қолданады. Әрине, бұл кезде жергілікті анестезиямен жасауға болатын операциялар жайлы сөз болып отырғанын айтып кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |