Диагностикасы .Диагнозды қою үшін , нәжісті аскариданың жұмыртқаларына тексереді ,УДЗ холецистография,құрсақ қуысының жалпы рентгенографиясы жүргізіледі.
Емі.Аскаридоздың хирургиялық асқынулары пайда болса , хирургиялық операция орындалады – колотомия , ішектің түйілуін жою, перфорациялық тесікті тігу, құрсақ қуысын тазартып, дренаждарды қою , аппендэктомия , дивертикулэктомия.
V. Описторхоз – барлығымызға белгілі гепатобилиарлы жүйе мен ұйқы безінің гельминтозы болып табылады.Бұл ауруды сібірлік Opisthorchis felineus қоздырады Описторхоздың ақырғы иесі – адам , мысық , ит және т.б. Бірінші аралық иесі тұщы судағы моллюск , екінші аралық иесі - карп балығы болып табылады . Описторхоз адамға шикі немесе шала пісірілген, нашар тұздалған балықты жегенде алиментарлы жолмен жұғады.Паразиттердің өмір сүру ұзақтығы – 10-30 жыл . Паразиттер өт жолдары мен ұйқы безінің өзектерінің эпителиальді қабатын зақымдайды,олардың бітелуін шақырады.Осының нәтижесінде дискинезия, холангит , холецистит, гепатит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |