Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Клиникалық көріністерін былай сипаттасақ болады



бет81/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Клиникалық көріністерін былай сипаттасақ болады:

  1. есінің тежелуі- мидағы қан айналымы төмендегенде);

  2. жиі , жіп тәрізді тамыр соғуы- жүректен қанның шығарылуы азайғандра

  3. артериялық қысымның төмендеуі ;

  4. терінің мұздай ,ылғал ,бозарған - цианозды немесе мраморлық түсті болуы;

  5. диурездің азаюы — шамамен бір минутта 0,5 мл -ден төмен

  6. диспноэ-газ алмасуының бұзылуынан.

Сонымен қатар шоктың 2 кезеңін айтсақ болады.Олар:эректильді және торпидті.
Эректильді кезең жарақаттан кейін бірден пайда болады.Ал торпидті кезеңде орталық нерв жүйесінің қызметінің тежелуі және өмірге маңызды ағзалардың қызметінің жетіспеушілігі дамиды.Шокты ауырлылығына қарай 4 деңгейге бөледі:

  1. науқастың есі сақталады, бірақ аздап тежелген болады .АҚ - 90 мм . сын . бағ . дейін төмендеген ,терісі бозарған .

  2. Терісі бозарған ,суық ,жабысқақ термен қапталған ,АҚ – 90-70 мм . сын . бағ.дейін төмендеген ,тамыр соғуы – минутына 110-120 рет , олигурия пайда болады .

  3. науқастың жағдайы өте ауыр ,қатты тежелген , қозғалыссыз ,сұрақтарға қиын жауап береді,ауыруды сезбейді .Терісі бозарған , мұздай , тынысы жиі және беткей болады . АҚ - 70-50 мм . сын . бағ . дейін төмендеген , тамыр соғуы – минутына 140-130 рет , орталық венозды қысым- 0 немесе теріс , анурия пайда болады .

  4. агония алдындағы жағдай дамиды :терісі және шырышты қабықтары бозарған , цианоз байқалады,тынысы жиі және беткей ,АҚ - 50 мм . сын . бағ . және одан да төмен , тамыр соғуы жиі және әлсіз болады . Жарақаттың ауырлығын анықтау үшін , Альговер индексі колданылады - тамыр соғу жиілігінің систолалық АҚ - ға қатынасы . Ол қалыпты жағдайда 0,5 тең болады . Егер индекс 1 - ге дейін жоғарыласа, онда цҚК жетіспеушілігі 30 % тең , ал 1,5 дейін жоғарыласа, ЦҚК жетіспеушілігі - 50 % , егер 2 болса, ЦҚК жетіспеушілігі – 70 % жетеді.

Емі.Жарақатты шокты емдеу кезінде алғашқы мед.көмегтің маңызы өте зор.Өйткені,көмекті уақытысында көрсетпей,\ жарақат алғаннан кейін 3 сағ.кейін жүргізсек,өлім болуы мүмкін.Сол үшін емдеудің мынадай кестесін қолдансақ тиімді болады:

  1. ең алдымен ауыру сезімін жою:яғни наркотикалық анальгетиктер-промедол,морфин,т.б.қолдану және наркотикалық емес анальгетиктер,жергілікті анестетиктермен блокада жасау қажет болады.

  2. Содан соң қансырауды тоқтатып,науқасты абайлап тасымалдаймыз.

  3. Науқасты жылыту

  4. Сосын ЦҚК-ның орнын толтырамыз,орталық веналарға түтік қойып,АҚ төмен болған сайын,ерітінділерді жылдам енгізіп отыруымыз қажет.

  5. Өкпедегі газ алмасуды реттейміз,яғни оксигенотерапия,жасанды тыныс алдыру

  6. ЦҚК-ң орнын толтырғаннан кейін,кардиотоникалық заттарды,вазопрессорларды тағайындаймыз.

  7. Гемостаз бұзылыстарын қалпына келтіреміз

Осының барлығының дұрыс жүргізіліп жатқандығын біз АҚ мен ОВҚ жоғарылауын,тамыр соғуының сиреуі,тыныстың қалпына келуі,диурездің минутына 0,5 мл-ден астам болғандығынан байқаймыз.

2.Газды гангрена. Себебі, патогенезі. Газды гангренаның алғашқы клиникалық белгілері.


2.Жалпы газды гангрена ең алғаш Гипократтың «Жамбастың ашық сынықтары »деген еңбегінде:сарғыштану және қатты ісінумен жүретін,өлімге әкелетін асқыну деп сипаттаған.Оның басқа да атаулары бар.Мысалы:анаэробты инфекция,газды флегмона,кенеттен өршіген гангрена секілді атаулары бар. Анаэробты инфекцияның дамуындағы маңызды рөлді клостридиялардың 4 түрі алады:Clperfringens,Cl. Oedematiens,Cl .septicum ,СІ .hystoliticum. Қоздырғыштар табиғатта топырақта сақталған.Олар топырақтан тағам өнімдеріне,өндіріс құралдарына,үй заттарына және адам мен жануарлардың ішегіне түседі . Қоздырғыштардың жараға түсіп,қосымша жағымсыз факторлардың болуы газды инфекцияның дамуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет