Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жарақаттық улану. Даму себептері, клиникасы, емі



бет80/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Жарақаттық улану. Даму себептері, клиникасы, емі.

Жауаптары:
1.Жарақаттық улану немсе шок деп – ауыр механикалық жарақат кезінде жауап ретінде,тамырлар жүйесінің микроциркуляциялық бөлімінің перфузиясының жедел бұзылуын айтамыз.Ол капиллярлы қан тамырларының кенеттен тарылуынан,тіндерге оттегінің ,пластикалық заттар мен энергетикалық субстраттардың жетіспеуінен дамиды.Осының салдарынан пайда болатын ағзалардың қызметінің бұзылуы,науқастың жедел өліміне алып келеді.Даму себептерін түсіндіру үшін ең алдымен патогенезіне тоқталып өтейік.Жалпы ЦҚК -ін азаюы мен зақымдалған аймақтан келетін ауыру сезімдік импульстар үлкен ми қыртысын ,гипоталамо - гипофизарлы және симпато - адреналды жүйелерді белсендіреді . Сөйтіп сол жерде катехоламиндер вена мен артерияның тарылуын шақырады да,жүрекке келетін венозды қанның мөлшерін көбейтеді .Артериялардың тарылуы - әсіресе , құрсақ қуысының , бүйректің қан айналымының әжептеуір төмендеуіне алып келеді.Қан айналымының осыншалықты өзгеруі,адам өміріндегі маңызды ағзалардың,мысалы:ми,жүрек,өкпе секілді ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін уақытша сақтап тұрады. Бүйректегі қан айналымының төмендеуі ,рениннің шығуына және оның ангиотензин II айналауына алып келеді ,бұл артериолоспазмды одан әрі күшейтеді.Оттегінің жетіспеушілігінен,тіндік зат алмасу анаэробты жағдайға ауысып, ацидоз дамиды.Ацидоздың әсерінен ,жасушалық және тіндік құрылымдар бұзылады.Демек осындай себептер арқылы ағзаның қызметінің бұзылуы,көптеген патологиялық жағдайлар біздің денеміздің қарсы тұру қабілетін төмендетіп,шоктың дамуына ықпал етеді.Мысалы: авитаминоз, анемия, ашығу,созылмалы аурулар,т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет