Патологиялық анатомиясы .Альвеолярлы эхинококк көптеген ұсақ 5-мм-ден аспайтын кисталардан тұрады.Олар бауырға еніп-өсіп ,дәнекер тінмен қоршалады,осының салдарынан бауыр тығыздалып катаяды да , сыртқы пішні ісікке ұқсас болып келеді.
Клиникасы .Альвеококкоздың алғашқы сатысында бауыр аймағында сыздап ауыратын сезім пайда болады,кейде оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі байқалады.Альвеококкоздың асқынбаған сатысында ауыру сезімі біртіндеп күшейеді ,пальпаторлы бауырдың үлкеюі және кейбір бөліктерінің «тас»тәрізді тығыздалуы анықталады. Альвеолярлы эхинококкоздың клиникалық жіктеуінде 3 түрін ажыратады
белгілерсіз түрі (1%жағдайда кездеседі);
асқынбаған түрі ( 15 % шамасында ) ;
асқынған түрі ( 85 % шамасында ) .
Диагностикасы.Серологиялық әдістер ( Кацони және латекс - агглютинация реакциялары ),УДЗ,радиоизотопты сканирлеу ,рентгенологиялық зерттеу әдістері,КТ,ангиография жүргізіледі .
Емі.Негізгі емі - хирургиялық операция болып табылады.Оның мүмкіндігі паразиттің бауыр тініне қаншалықты еніп - өсіп кеткеніне байланысты болады – бауырдың резекциясы жасалады ,сонымен қатар техникалық қиындықтардың нәтижесінде қалып қойған паразиттері бар бауыр тінін ,криодеструкция әдісімен өңдейді. Арнайы дәрілік ем жүргізгенде мебендазолды көп мөлшерде тағайындау жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.Науқаста жүйелі амилоидоз және кахексия дамыса , операцияны жасауға болмайды.