Газды инфекцияның ағымының 4 сатысын ажыратады ( А.Н. Львов ) : Ерте – шектелген газды флегмона сатысы .
Газды флегмонаның үдемелі таралу сатысы .
Газды гангрена сатысы .
Сепсистің даму сатысы .
Аурудың сатысына байланысты байқалатын жергілікті белгілер : 1 сатыда — ауыру сезімі тек жарада ғана болады . Жара кұрғақ , лас - сұр түтыкпен қапталған бөліністері аз немесе мүлдем болмайтын өліеттену ) . Терінің ісінуі тек жараның шетінде ғана болады және ол аздап сарғышгтанады .
2 сатыда – ауыру сезімінің « ауысып жылжу » белгісі байқалады , сонымен бірге оның сипаты өзгереді . Аяқ - қолдың көлемінің ұлғаюына байланысты керіліп тұрғандай ауыру сезімі пайда болады . Ауыру сезімінің орын ауыстырып жылжуы газдың және ісінудің аяқ - қолдың бойымен таралуымен түсіндіріледі . Ісіну мен газдың түзілуінің жоғарылауы байқалады . Жара құрғақ , өліеттенген . Бұлшықеттер ісінген және сыртқа аударылып шығады Терісі бозғылт - сары түсті болады . Жараның айналасында қола немесе мрамор түстес дақтар түзіледі .
3 сатыда – аяқ - қолдағы тамыр соғуының жоғалуы және оның мұздауы анықталады . Ауыру сезімі мен сезімталдық жойылады . Ісіну мен газ тұлғаға жайылады . Зақымдалған аяқ - қолдың көлемі өте қатты ұлғаяды , геморрагиялық және қою - қоңыр сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады . Жара толық өліеттенген , құрғақ , ісінген , шеттері сыртқа аударылған , қанды - іріңді бөліністердің шығуы байқалады .
4 сатыда- жарада ірің пайда болады , алыста орналасқан ағзалар мен тіндерде іріңді метастаздар дамиды . Диагнозды бактериологиялық зерттеумен міндетті түрде нақтылау қажет . Бактериоскопия ( жарадан жағынды алу ) жүргізіледі және арнайы орталарға егіледі . Тіндерде газ болғанда рентгенологиялық зерттеу әдісі қолданылады . Ісінудің ұлғаюы мен газдың түзілуінің жоғарылауы « лигатура белгісімен » , « шампан тығыны белгісімен » дәлелденеді .