Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Сіңірдің тартылуы мен үзілуі. Патогенез, клиникасы, емі



бет93/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

1. Сіңірдің тартылуы мен үзілуі. Патогенез, клиникасы, емі.
2. Ірінді жараларды хирургиялық баптау. Өткізу тәсілдері. Хирургиялық баптауды жетілдіру тәсілдерімен өткізу.
Жауабы:
1.
2.
Жараның iрiндеуі
Іріңдеудің клиникалық белгілері жараланғаннан кейін , 2-3 тәулікте пайда болады . Оған зақымдалған тіндердің аумағының көп болуы , флораның вирулентілігі , ЖБХӨ кезінде зақымдалған тіндерді толық алып тастамау себепші болады.
Іріңдеудің клиникасы оны қоздыратын микробтың түріне байланысты дамиды . Мысалы , ол стафилококкты инфекцияда айқын байқалады : тігілген жарадағы қатты ауыру сезімімен , дене қызуының жоғарылауымен , айқын интоксикациямен сипатталады . Стрептококкты инфекцияда терідегі қабынулық инфильтрациямен , қызарумен , жергілікті температураның жоғарылауымен ерекшеленеді . Жара ішек таяқшасымен , протей және көк іріңді таяқшалармен инфицирленсе , клиникалық ағымы баяу дамиды және айқын шекарасы жоқ өліеттенген тіндердің үлкен ошақтарының түзілуімен сипатталады.
Жара іріңдей бастағанда ауыру сезімі күшейеді , шеттері ісінеді , лас сұр қабық пайда болады , серозды - геморрагиялық сұйықтық серозды іріңді экссудатқа ауысады , ал содан кейін іріңді болады . Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаяды пальпаторлы ауырады . Лимфангойт дамуы мүмкін . Егер үрдіс баяуласа , онда қоршаған тіндердің ісінуі мен тері гиперемиясы азаяды , өліеттенген тіндер ажырайды , жараның түбі мен қабырғалары грануляциямен қапталады , үрдіс репаративті кезеңге , яғни жараның жазылу сатысына дегидратация кезеңіне ) ауысады .
Қолайсыз жағдайда жалпы интоксикация белгілері үдей түседі : дене қызуы қатты жоғарылайды , тахикардия , қалтырау , қоршаған тіндердің ісінуі , гиперемия күшейе түседі , тіндердің өліеттенуі үдейді , іріңнің мөлшері көбейеді , дене қызуы 39-400С - қа дейін көтеріледі , интоксикация өрши түседі . Қанда лейкоциттердің саны көбейеді , лейкоцитарлы теңдеу солға қарай ығысады , ЭТЖ жоғарылайды .
Экссудаттың сипаты микрофлораның түрімен анықталады . Жағымсыз сасық иісті , лас - сұр түсті ірің – шірікті флораға тән . Көкшіл - жасыл экссудат және оған тән иіс жарада көк іріңді таяқшаның бар екендігін көрсетеді . Іріңді жарасы бар науқастың ауыру сезімінсіз қайтадан қалтырауы - тіндердің шірікті ыдырауының қосылу белгісі болып табылады . Шірікті инфекция дамығанда жара құрғап , грануляциялар жоғалады , тіндердің өліеттенуі күшейеді , сұр түсті , кейде жасыл немесе қоңыр реңді болады , өзіне тән иіс шығарады . бұлшықеттер сұрланып , бозғылттанады . Жарадан бөлінген сұйықтық - лас Жараны қоршаған тері жамылғысы лас - жасыл түсті дақтармен қапталады .
Клостридиальді емес анаэробты инфекцияның клиникалық белгілері экссудаттың жағымсыз иісі , жарада өліеттенген тіндердің көбеюі , май тамшыларымен араласқан лас - сұр түсті бөліністердің болуы , айқын интоксикация , терінің және көздің ақ қабығының ( склераның ) сарғыштануы анемия , тахикардия .
Емі : Міндетті түрдеантибактериальді , дезинтоксикациялық және қабынуға қарсы ем жүргізу қажет . Жара үрдісінің бірінші кезеңінде өліеттенген тіндер мен іріңді алып тастау керек . Ол үшін дренажды түтіктер мен гипертониялык ерітінділерді пайдаланады . Некролиз мақсатымен салицил қышқылын , протеолиттік ферменттерді , лазер сәулелерін , ультрадыбыстық кавитацияны қолданады . Механикалық некрэктомия да орындалуы мүмкін . Жараны күніге 1-2 рет таңады .
Жара үрдісінің екінші кезеңінде – репарация ( дегидратация ) кезеңінде майлы таңғыштар қолданылады ; грануляцияның өсіп - жетілуін күшейтеді ; жараның шеттерін лейкопластырьмен тартып жақындатады . Қабыну құбылыстары толық басылғанда , екіншілік ерте немесе кеш тігістер салынады ал тіндердің көлемді және беткей ақауларында аутодермопластика жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет