Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
Қанды артерияға құю . Көрсеткіштері : көп мөлшерде қан жоғалтудың салдарынан болған клиникалық өлім жағдайы ( тыныс алу мен жүректің тоқтауы ) , ұзақ уақыт артериялық қысымның ( 60 мм . сын . бағ . дейін төмендеуімен сипатталатын ауыр жарақаттық шок , венаға құйылған қанның нәтиже бермеуі . Артерияға қанды енгізудің емдік әсері жүрек тамыр қызметінің рефлекторлы ынталануы мен тәждік тамырлардағы қан айналымының қалпына келуімен сипатталады . Әсер ету үшін , қанды 200 мм сын . бағ. Қысыммен 1,5-2 минутта 200-500 мл жылдамдықпен енгізеді . Жүрек қызметі қалпына келгенде , қысымды 120 мм . сын . бағ . дейін төмендетеді , ал тамыр соғуыайқын анықталғанда , қанды венаға құюға көшеді ; систолалық қан қысымы 90-110 мм . сын . бағ. тұрақтанғанда инені көк тамырдан шығарады .
Интраартериальді құятын жүйе венаға құятын жүйеге ұқсайды , бірақ айырмашалығы флаконға енгізілетін ұзын инеге ауаны сығып үрлеу үшін , үштармақ арқылы манометрмен қосылған Ричардсон баллонын орналастырады . Артерияны тері арқылы Дюфо инесімен теседі немесе артериосекция жасалады .